25 Қараша, 14:11
RAST.kz
USD USD 458.28 ₸
EUR EUR 501.45 ₸
RUB RUB 5.59 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қытайдың әрекетін ақтайтын елдер жетерлік

23 Шілде 2019 12:41
- Жаңалықтар, Жаһан
Қытайдың әрекетін ақтайтын елдер жетерлік
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

37 ел Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын қолдады, арасында Ресей, Сауд Арабиясы да бар.

37 елдің өкілі БҰҰ-на бірігіп хат жазып, Пекиннің Шыңжаңдағы саясатын қолдайтынын мәлімдеген. Хатқа қол қойғандар арасында Ресей, Сауд Арабиясы да бар. Бұл ақпаратты 12 шілдеде хаттың көшірмесін көрген Reuters агенттігі хабарлады. Дәл осының алдында 22 елдің елшілері БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесіне хат жолдап, Қытайдың аз ұлттарға оның ішінде ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге этникалық топтарға жасап отырғанын қысымын айыптаған еді.

Пекин саясатын қолдайтынын жеткізген хат авторлары Қытайдың «адам құқығы саласындағы жетістіктерін» мақтаған.

«Терроризм және экстремизм сияқты ірі қауіп-қатерге кезіккен Қытай Шыңжаңдағы терроризм мен радикализммен күресу үшін бірқатар шара қолданды, кәсіби білім беру және оқыту орталықтарын ашты» делінген хатта.

Оған 37 елдің өкілі қол қойған. Хатта сонымен бірге Шыңжаңда барлық этникалық топтардың негізгі құқықтары сақталатыны, Пекин әрекетінің арқасында «аймақтағы жағдайдың қауіпсіз бола бастағаны», соңғы үш жылда мұнда террористік шабуыл болмағаны айтылады. Хат авторлары бұған қоса Шыңжаң тұрғындарының «бақытты әрі тату-тәтті өмір сүріп жатқанын» атап өткен.

Хатқа қол қойған елдер арасында Сауд Арабиясы, Ресей, Солтүстік Корея, Венесуэла, Куба, Беларусь, Мьянма, Филиппин, Мьянма, Сирия, Пәкістан, Оман, Кувейт, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн бар.

Пекин аймақта адам құқығы бұзылып жатыр деген деректің бәрін жоққа шығарумен келеді. БҰҰ жанындағы Қытайдың тұрақты өкілі Сюй Чен жұма, 12 шілдеде БҰҰ-ның Адам құқығы бойынша қорытынды жиынында Қытай билігі мұндай қолдауды «қатты бағалайды» деді.

Шыңжаң аймағындағы лагерьлер жайлы алғаш рет 2017 жылдың көктемінде айтыла бастаған. БҰҰ Шыңжаңдағы «саяси тәрбиелеу орталықтарында» миллионға жуық адам «еркінен тыс» қамауда отырғанын, олардың арасында ұйғырлар мен қазақтар барын мәлімдеген.

Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар жиналып, «Шыңжаңда жақындарымыз қысым көріп жатыр, лагерьде отыр, Қазақстанға өте алмайды» деген. Олар Қазақстан билігінен, халықаралық ұйымдардан көмек сұраған. Қазақстан сыртқы істер министрлігі «Шыңжаңдағы лагерьлер Қытайдың ішкі мәселесі, онда қамауда отырған қазақтар Қытай азаматы» деген. Кейін министрлік Пекинмен келіссөз жүргізіп, Шыңжаңнан бергі бетке өте алмай қалған қазақтардың мәселесі шешіліп жатқанын айтқан.

Қытай үкіметі басында саяси тәрбиелеу орталықтарының барын жоққа шығарып келді. Кейін Пекин Шыңжаңдағы саясатын «экстремизмге қарсы шара» деп атап, адамдар еркінен тыс отырған лагерьлерді «тіл үйреніп, кәсіпке баулитын» орталықтар деп түсіндірген еді.

Ұқсас мақалалар

Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді
Аймақ

Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

23.11.2026
Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты
Жаңалықтар

Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

19.11.2026
Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік
Жаңалықтар

Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

17.11.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.28 ₸
EUR EUR 501.45 ₸
RUB RUB 5.59 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist