«Боғауыз айтқыш» атанған мұғалім өз шындығын айтты (видео)
Бұдан бірқатар уақыт бұрын бүкіл елге «балаларға боғауыз айтқыш» атымен даңқы тарап кеткен Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам орта мектебі директорының орынбасары Ұлжан Елмұратова ақыры осы оқиғаның жай-жапсары жайлы «31-арнаға» сұхбат берді. Телеарнаның «Ащы да болса, ақиқат» бағдарламасы аясында журналист Ирина Советханқызымен жүргізілген әңгіме барысында біраз жайдың ақиқаты айқындала түскендей болады.
Өзінің әлдекімдерге ғайбат сөз айтып жатқан тұсы интернетке тарап кеткен мұғалім содан кейін өмірі нілдей бұзылғанын сөз етеді. Осылайша аяқ астынан жан-жақтан қуғынға түскен педагог осы жаланың нәтижесінде қызметінен айрылғанын, денсаулығына залал келгенін, отбасында біраз уақыт шырық бұзылғанын айтады. Ол өзін кибербулингтің құрбаны деп есептейді. Сол кездері қатты зардап шеккен келіншек өз өзіне қол жұмсап, дәрігерлердің арқасында әзер тірі қалады.
Қалған баянды төменде беріліп отырған видеожазбадан тыңдауға болады.