Қазақ гимнастшы қызы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды
ТАШКЕНТ. 13 маусым. Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан гимнастшы қызы Алина Әділханова олимпиялық лицензияға қол жеткізді. Бұл туралы YK-News.kz хабарлады.
Жекелей жарыста бір ғана жолдама сарапқа салынды, ол көп сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған спортшыға берілді.
Жарыстың бұл түріне Қазақстаннан Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова қатысты.
Нәтижесінде 19 жасар халықаралық спорт шебері Алина Әділханова сайыстың екі түрінен озып шығып, бас бәйгені жеңіп алды. Ал Адиля Тілекенова лентамен жарыста үшінші орынға шықты.
Финал 10 маусым күні ойналды. Онда Алина 95,15 балл жинап, қарсыластарынан оқ бойы алға кетті.
Еске сала кетейік, Токиода өтууге тиісті Олимпиялық ойындар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында жалау желбіретеді.