«Басындағы дауысты» тыңдаған әйел өз балаларын өлтірді
ФЕНИКС. 16 мамыр. АҚШ-тың Аризона штатында тұратын әйел «басындағы дауысқа» құлақ асып, өзінің екі кішкентай баласын өлтірді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Америкалық әйел полицейлерге келіп, басынан өз балаларын өлтіру жөнінде бұйрық берілген дауыстар естілетінін айтып шағымданады. Осыдан кейін тәртіп сақшылары артынша оның пәтерінен 9 жасар қыз бала мен 7 жасар ұл баланың зорлықпен өлтірілген мәйттерін тапты.
«Офицерлер дереу әйелдің пәтеріне аттанып, сол жерден 9-дағы қыз бен 7-дегі ұлдың «азаптап өлтірілгендері» анық байқалатын денелерінің үстінен түсті», – деді полиция өкілі.
Полицейлер бұл үйге бұдан бұрын да барып тұрған екен. Себебі, көршілері оларды бұл пәтерде тұратын ерлі-зайыптылардың арасында болып тұратын жанжалдарға байланысты талай шақыртқан екен. Алайда, құқық қорғаушылардың пікірлерінше, ол кездері балалардың өмірлеріне төніп тұрған қауіп-қатер байқалмапты.
Қылмысты оқиға орын алған кезде әйелдің күйеуінің қайда болғаны белгісіз.
Әйел бірден қамауға алынды. Детективтер оны тергеп жатыр.
2020 жылдың тамызында Британияда тұратын бір әйелдің өзіне өкіл аға болып келетін еркектен алты бала тапқаны, келіншектің солардың екеуін өлтіріп, үшіншісін де солардың артынан жібергелі жатқан жерінде қолға түскені баяндалған. Көршілердің байқауынша, сол әйел оларға балаларын қатты жақсы көретін бақытты ана болып көрінген екен.