25 Тамыз, 20:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Израиль Газа секторына шабуылды үдете түсті

16 Мамыр 2021 17:54
- Жаңалықтар, Жаһан
Израиль Газа секторына шабуылды үдете түсті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ИЕРУСАЛИМ. 16 мамыр. Аптаға жуық уақыттан бері Израиль қарулы күштері мен  Палестина жасақтары арасында жаңа соғыс өрті тұтанып, қан майдан жүріп жатыр. Бұл туралы «Реальное время» хабарлады.

«Бұл күндері араб-израиль жанжалының жаңа иірімі басталды – міне, аптаға жуық уақыттан бері Палестинаның ХАМАС ұйымы мен Израиль армиясы біріне-бірі зеңбіректерден атқылап, ұшақпен бомба жаудырып жатыр, ал Израиль территориясында араб және еврей тұрғындар арасында кескілескен ұрыстар жүруде», – делінген хабарламада.

Бүгінгі таңертеңгі ахуал бойынша, ХАМАС-тың бақылауындағы Газа секторынан 1,7 мың басқарусыз ракета (олардың көп бөлігін Израильдің «Темір қалқан» жүйесі жолдан тосып алған) жіберіліп, жеті израильдік қаза тапқан, 523 адам жарақат алған (Израиль армиясы баспасөз қызметінің мәліметінше). Бұған жауап ретінде ЦАХАЛ Газа секторындағы нысандарға 650 авиабомба тастады, нәтижесінде 115 адам қаза тауып, 621 адам жарақат алды. Қаза тапқандардың 47-сі кәмелетке толмаған балалар екен.

Қазір Израиль ішіндегі қақтығыстар арасында «Әл-Ақса» мешітіне апаратын Шам қақпасы маңындағы жанққиярлық шайқастарды айрықша атап өтуге болады.

Палестина БАҚ-тарының мәліметінше, жанжалдың басы 10 мамыр күні рамазан айының аяқталу құрметіне намаз оқуға бара жатқан палестиналықтарды Израиль полицейлерінің кес-кестеп жібермеулерінен басталған. Мұның алдында қақтығыс соттың шешімімен бірнеше араб отбасылары үйлерінен шығарып жіберілген Шейх-Джаррах ауданында орын алған. Бұған сол жерден Шығыс Иерусалимді Вифлеемнен бөліп тастайтын құрылыс жобасын салу идеясы себеп болған. Мамырдың 8-і күні бұрқ еткен жанжал түні бойы ұрыс жүруіне от қойып берген.

Қазір әлем осы оқиғаларға ерекше ден қойып, құлақ түріп отыр. Көптеген елдердің елшілері Израиль мен Палестинаның арасында жүріп жатқан соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде ұсыныстар айтуда. Сонымен бірге, АҚШ сияқты бұрыннан Израиль жағындағы елдердің тағы да осы позициядан көрініп тұрғаны байқалады. Мұны өткен аптада АҚШ президенді Джозеф Байден Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескен сөзінде де аңғартты. Ол палестиналықтардың Иерусалим мен Тель-Авивке жасап жатқан шабуылдарын айыптады.

Мұның бір мезгілде Түркия президенті Реджеп Ердоған Израильдің араб жұртына қарсы жүргізіп жатқан соғыс қимылдарына террор деген баға берді.

 

Таңбалар: жанжалИзраиль. Палестинасоғыс

Ұқсас мақалалар

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
РФ СІМ отандастарын ұзақ уақыттық соғысқа дайын болуға шақырды
Жаңалықтар

РФ СІМ отандастарын ұзақ уақыттық соғысқа дайын болуға шақырды

08.08.2026
Ресей енді қарақшылық үшін сотталғандарды да контрактімен әскерге ала береді
Жаңалықтар

Ресей енді қарақшылық үшін сотталғандарды да контрактімен әскерге ала береді

05.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist