Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Таулы Қарабақ: Пашинян Путинмен неменеге келісті?

ЕРЕВАН. 6 қазан. Армения премьер-министрі тоғыз күн ішінде Ресей президентіне бүгін екінші рет қоңырау шалды. Бұл туралы ВВС ақпарына сілтеме жасаған өзбектің sof.uz порталы хабарлады.

Тараптар сондай-ақ «Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыстың күшейе түскен» жайын талқылады.

Кремльдің ресми мәлімдемесінде Таулы Қарабақтағы қақтығыстың «кең сипат алып бара жатқаны» айтылған.

«Бұл азаматтық позицияның екі тараптың да айтарлықтай шығынға ұшырауына себеп болып отырғанына» көңіл бөлінді.

Путин атысты тоқтатудың маңыздылығына тағы да атап өтті.

Кремльдің ресми мәлімдемесі жай осы айтылған детальдармен шектелді.

Таулы Қарабақтағы шиеленісті ретке келтіруге жауапты Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымының Минск тобы дәл осы тұрғыда тағы бір мәлімдеме жасады.

Тең төрағалар – Ресей, АҚШ және Франция «Таулы Қарабақта бұрын-соңды болмаған және қауіпті зорлық-зомбылықтың күшеюін батыл айыптады».

Олар сондай-ақ тараптарды атысты дереу тоқтатуға шақырып, жауласушы жақтардың өзара түсіністіктерін күшейтуге күш салып жатқандарын мәлімдеді.

Бірақ Таулы Қарабақ жанжалының дипломатиялық жолмен шешілмей келе жатқанына 30 жылға жуықтады.

Арменияда Ресейдің 102-ші әскери базасы орналасқан. Сондықтан бұл екеуінің мұндағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі ортақ.

Армения сондай-ақ Ресейдің қоластындағы Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімшарт Ұйымына мүше, бірақ Әзербайжан бұл одаққа кірмейді.

Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімшарт Ұйымы (ҚҚКҰ) сондай-ақ өзіне мүше елдерге айтарлықтай шиеленістер кезінде көмекке келіп, сонда бітімгерлік күштерін жіберуге құқылы.

Бірақ ұрыстар қазір тек Таулы Қарабақта жүріп жатқандықтан, Ресейдің жетекшілігіндегі бұл ұйымның бұған ашықтан ашық араласуға құқы болмайды.

Бұл тарапта Түркияның Таулы Қарабақ қақтығысында Әзербайжанды ашықтан ашық және шешімді түрде күштірек қолдап келе жатқаны сарапшылар тарапынан бөлек есепке алынып отырғаны тағы бар.

НАТО Түркия Таулы Қарабақтағы шиеленістің азаюына көмектесуі керектігін мәлімдеді.

Кеше, дүйсенбіде Түркия сыртқы істер министрі Одақтың бас хатшысымен кездесті.

Йенс Столтенберг те атысты тоқтатуға шақырды.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

Түркия сыртқы істер министрі НАТО армян әскерлерінің Таулы Қарабақтан шығарыулына қолдау көрсетуі керек екенін алға тартты.

«Әзербайжан өз жерінде соғысып жатыр. Ол өз территориясын басқыншылардан қайтарып алуға әрекет етуде. Біз заң және этика тұрғысынан Әзербайжанды нқолдауымыз керек», дегенді айтты.

Бұған НАТО бас хатшысының жауабы қандай болғаны мәлім емес.

Армения мен Әзербайжан Таулы Қарабақ үшін 1988-94 жылдары да соғысқан, ақыр соңында атысуды тоқтатқан, бірақ түпкілікті шешімге келе алмаған. .

Қазіргі ұрыс қимылдары сол атысты тоқтату шешімінен бергі ең қиын шайқас болып жатқаны айтылады.

Тараптар бұл соғыстың басталып кетуіне бір-бірін айыптап келеді.

 

Төменде өзбек сайтындағы кеңейтілген хабардың түпнұсқасын жариялап отырмыз:

 

Тоғли Қорабоғ: Пашинян Путин билан нимани келишди?

Арманистон Бош вазири ўтган тўққиз куннинг ичида иккинчи бор Россия президентига сим қоқди. Бу ҳақда Би-Би-Си хабар бермоқда.

Томонлар яна «Тоғли Қорабоғдаги кучайиб бораётган қуролли тўқнашу» масаласини муҳокама этишган.

Расмий Кремль хабарида «Тоғли Қорабоғ можароси кенг кўламли тус олгани» айтилган.

«Бу тинч аҳоли илова ҳар икки томондан жиддий талафотларга сабаб бўлаётгани» таъкидланган.

Путин яна бир бор ўт очишни тўхтатишнинг муҳимлигини урғулаган.

Расмий Кремль хабари фақат шу тафсилотлар билан чекланган, холос.

Худди шу манзарада Европада Хавфсизлик ва Ҳамкорлик Ташкилотининг Тоғли Қорабоғ можароси ечимига масъул Минск гуруҳи яна бир баёнот билан чиққан.

Ҳамраислар Россия, АҚШ ва Франция «Тоғли Қорабоғда зўравонликларнинг мислсиз ва хавфли даражада кучайишини кескин қоралашган».

Улар ҳам томонларни зудлик билан ўт очишни бас қилишга чақиришган, рақиб тарафлар билан ўзаро алоқаларини кучайтираётганликларини ҳам билдиришган.

Аммо Тоғли Қорабоғ можароси, қарийб ўттиз йилдирки, дипломатик йўлда ўзининг якуний ечимини топмай келади.

Арманистонда Россиянинг 102-сонли ҳарбий базаси жойлашган. Икковлон ҳамкорликда ҳаводан мудофаа тизимига эгалар.

Арманистон яна Россия шамсияси остидаги Коллектив Хавфсизлик Шартномаси Ташкилотининг аъзоси бўлади, аммо Озарбайжон бу иттифоққа кирмайди.

Коллектив Хавфсизлик Шартномаси ташкилоти ҳам жиддий низолар ичида қолган аъзо давлатга кўмакка келиш, у ерга ўзининг тинчликни сақлаш кучларини юбориш ҳуқуқига эга саналади.

Аммо жанглар ҳозир фақат Тоғли Қорабоғда бораётгани боис, Россия етакчилигидаги мазкур ташкилотнинг ҳам унга аралашишга расман ҳаққи бўлмайди.

Бу галги Тоғли Қорабоғ можаросида Туркия Озарбайжонни расман, янада ошкора ва кучлироқ қўллаб келаётгани таҳлилчилар томонидан алоҳида қайд этилаётгани ҳам бор гап.

НАТО Туркия Тоғли Қорабоғдаги тангликни юмшатишга ёрдам бериши кераклигини айтган.

Кеча, душанба куни Туркия Ташқи ишлар вазири иттифоқ Бош котиби билан учрашган.

Йенс Столтенберг ҳам ўт очишни тўхтатиш даъвати билан чиққан.

Учрашув ортидан, томонлар қўшма матбуот анжумани беришган.

Туркия Ташқи ишлар вазири эса, Нато арман қўшинларини Тоғли Қорабоғдан олиб чиқиб кетишга даъват этиши кераклигини таъкидлаган.

«Озарбайжон ўз тупроғида жанг қилаяпти. Ишғолчилардан ўз ҳудудларини қайтариб олишга уринаяпти. Қонун ва ахлоқ нуқтаи-назаридан барча Озарбайжонни қўллаши керак» лигини айтган.

Бунга НАТО Бош котибининг жавоби қандай бўлгани маълум эмас.

Арманистон ва Озарбайжон Тоғли Қорабоғ устидан 1988-94 йилларда ҳам урушган, алал-оқибат оташкесим ҳам эълон қилган, аммо ҳеч қачон якуний бир муросага келмаган.

Ҳозирги жанглар ўша оташкесимдан кейинги энг ёмони экани айтилади.

Бу урушни очишда томонлар бир-бирларини айблаб келишаётир.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button