Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Тоқаев: Елде тағы да карантин жариялануы мүмкін
АСТАНА. 1 шілде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 шілдеден бастап екі апталық мерзімге карантин жариялануы ықтимал екенін айтты. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Үкімет осыған қатысты жоспарын ұсынып отыр.
Мемлекет басшысы бұл мерзімнің кейін ұзартылуы мүмкін екенін де білдірді.
«Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомостволық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді», – деп жазды Қасым-Жомарт Кемелұлы Facebook-тағы парақшасында.
Негізі, министр «түсініктеме» емес, «түсіндірме» беруі керек. Ол түсініктеме жазатындай жағдайда емес, түсіндірме жасайтындай хәлде тұр. Түсініктеме – объяснительное, түсіндірме – комментарий.