Ресейдің халық әртісі Михаил Кокшенов қайтыс болды
МӘСКЕУ. 5 маусым. Ресейдің халық әртісі Михаил Кокшенов 83 жасында өмірден өтті. Бұл туралы kp.ru хабарлады.
Актер Мәскеу түбіндегі бейімделу орталығында ұзақ уақыт емделген екен.
Оның қазасы жайлы хабарды ақын Любовь Воропаева жеткізді.
«Миша Кокшенов қайтыс болды. Иманды болсын», деп жазды ол өзінің Instagram-ында.
Актер 2017 жылғы қазан айында инсульт алған екен. Сол жолы ол өзін көшеде нашар сезініп, жүргіншілер «жедел жәрдем» шақырыпты.
Михаил Кокшенов «Аферисты», «Из жизни Федора Кузькина», «Женя, Женечка и «катюша»», «Даурия», «Не может быть!», «Сказ про то, как царь Петр арапа женил», «Маленькие трагедии», «Спортлото-82», «На Дерибасовской хорошая погода, или На Брайтон-Бич опять идут дожди», «Ширли-мырли». Бұдан бөлек, ол «Ералаш» және «Фитиль» юморесткалық киножурналдарына түсті. Тағы 15 фильмге режиссерлік етті.
Михаил Кокшенов 1936 жылы Мәскеуде туған. 1957 жылы Мәскеу индустриалдық техникумын бітіріп, кейін инженер болып істеген.
Ал 1963 жылы Щукин атындағы театр училищесін бітіріп, Маяковский атындағы театрға актер болып қабылданады.
Ол 2002 жылы «Ресей халық әртісі» атанды.
Актердің әйелі актриса Наталья Лепихина оның, жұрт айтып жүргендей, коронавирустан емес, жүрек ауруынан қайтыс болғанын мәлімдеді.