Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Ресейдің «Рубикон» тобының дроншысы украин жағына өтті (видо)

КИЕВ. 16 ақпан. Ресейдің элиталы «Рубикон» бөлімшесінің дроншысы Украина жағына өтіп, РФ әскерлері құпияларын ашып берді. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей «Рубиконының» дрондар операторы РФ армиясы қатарын тастап шығып, Украина Қарулы күштері қарамағына келді. Ол өзінің бұл күрт қадамын ресейлік әскерилердің бейбіт тұрғындарды ешбір шімірікпестен, саналы түрде өлтіре беретінінен түңілуімен байланыстырды. Өзі үшін бұл қаныпезерлік бұрылысты сәт болыпты.

Ресей азаматы Мирослав Симонов Ресейдің элиталы «Рубикон» дроншылар бөлімшесінде қызмет еткен. Оның қарсы жаққа өткені украин әскери барлауының «Өмір сүргім келеді» жобасының жарияланымынан кейін белгілі болды.

Симонов өзінің айтуынша, әскерге Новосібірден келіпті. Ол Ресей армиясындағы дайындық жүйесінің өте қатқыл және адамды мәжбүр етуге құрылғанын айтты. Құжаттарын тіркеп алғаннан кейін мұны полигонға жіберген, сонда бірнеше апта көлемінде штурмовикке дайындалған, содан кейін ұшқышсыз ұшақтар бөлімшесіне аударылған.

Бұдан ары ол «Рубикон» орталығымен байланысы бар құрылымға түскен. Жауынгер бөлімшенің мәртебесі «элиталы» болғанына қарамастан, онда ұдайы психологиялық қысым көрсетілетінін, қорқыныш пен үрейде ұстап тұрудың кең етек жайғанын айтты. Басқарманың түйінді факторы жауынгерлерді үркітіп ұстау болып шықты.

Симонов өзінің бөлімшені тастап кетуіне «Молния» дронының Купянск ауданында қате координат бойынша соққы беріп, бір қыздың қаза тапқаны басты себеп болыпты. Сол кезде қаруластарының тірлігі оны қаты есеңгіретін жібереді.

Осыдан кейін ол жасырынып қалуға тырысады, алайда қолға түсіп қалып, қайтадан майданға аттандырылады. Ақыр соңында Симонов бір қолайды сәтте пайдаланып, «Өмір сүргім келеді» жобасының ақылымен украин жағынан бір-ақ шығады.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button