Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Трамп Зеленськийге Томагавктерді беруге дайын емес екенін айтты

УАШИНГТОН. 18 қазан. АҚШ президенті Дональд Украина президенті Володимир Зеленськиймен кездесу барысында Киевке Tomahawk зымырандарын беру мәселесін әлі шешпегенін жеткізді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Axios мәнбесінің баянауынша, Дональд Трамптың Володимир Зеленськиймен кездесуі «оп-оңай бола салған жоқ».

«Ешкім дауыс көтермеді, бірақ Трамп өзін қатқыл ұстады», – деп атап өтті мәнбе бұл кездесу хақында.

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина лидері Володимир Зеленськиймен кездесуінде Киевке қазіргі уақытта алыс қашықтыққа ұшатын «Томагавк» зымырандарын беру ниеті жоқ екенін білдірді.

Кездесу кеше, 17 қазан күні Ақ үйде өтті.

Мәнбенің дерегінше, Зеленський Уашингтоннан «зымырандарды аласың» деген уәдемен кетемін деп үміттенген, бірақ Ресей президенті Владимир Путинмен ұзақ телефон арқылы сөйлескеннен кейін Трампты мүлде өзгеріп шыға келген.

Ақ үйдің қожайыны қазір өзінің басты ұстанымы шиеленісті дипломатия жолымен шешу керектігін, ал Томагавк зымырандарын жіберу бұған зиянын тигізуі мүмкін екендігімен түсіндірді. Бірі кездесу «оңай болған жоқ» десе, енді бірі «жаман болды» деп атап өтті.

Кездесу екі жарым сағаттан кейін кенет аяқталды. Трамп Будапештте өтетін АҚШ-Ресей келіссөздеріне тоқталып, «Менің ойымша, біз бітірдік. Келесі аптада не болатынын көреміз», – деді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button