Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Трамп Tomahawk зымырандарын Украинаға қалай беретінін айтты

УАШИНГТОН. 7 қазан. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға Tomahawk зымырандарын Украинаға берудің мүмкін болатын шарттарын атады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ақ үйдің қожайыны Украинаға алыс қашықтыққа ұшатын «Томагавк» зымырандарын беретін-бермейтіні жөнінде шешім қабылдап қойғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Киев тарапының бұл ракеталарды нақты қай жерге пайдалануды жоспарластырып отырғанын да білгісі келетінін білдірді. Ол бұл әңгімені қазанның 6-сы күні журналистер алдында сөйлеген сөзінде айтты.

Баспасөз өкілдерінің бірі Трамптан «АҚШ бұл зымырандарды Украинаға әрі қарай пайдалануға рұқсат етіп, оларды бірден өзі жеткізіп бере ме, әлде НАТО-ға сата ма?» деп сұрады. Бұған жауап ретінде президент «мен бұған байланысты шешім қабылдап қойдым» деді.

«Мен олардың (украиналықтардың – ред.) зымырандарды не істейтіндерін де білгім келеді. Оларды қайда қолданады? Менің бұл туралы сұрауым керек шығар. <…>  Осындай белгілі бір сұрақтарды қоюға тиісті шығармын. Бұл соғысты одан әрі өршіткім келіп тұрған жоқ»,– деп келтіреді Трамптың сөзін Reuters.

The Telegraph басылымының хабарлауынша, Украина президенті Володимир Зеленський Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясы аясында Дональд Трамппен жабық кездесуі кезінде одан 1250-2500 шақырымға жететін «Томагавк» зымырандарын беруді сұраған. Ол мұның «Ресей президенті Владимир Путинді бейбіт келісімді талқылау үшін келіссөз үстеліне отыруға көндіруге көмектесетінін» жеткізген.

Ал Путин мұның артынша Трамптың Украинаны алыс қашықтыққа ұшатын зымырандармен қамтамасыз ету туралы ықтимал шешімі «біздің АҚШ-пен арадағы қарым-қатынастарымыздың үзілуіне немесе құрығанда осы кездері қалыптасқан ахуалдың бұзылуына алып барады» дегенді айтты.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button