Словакия Украинаға Фицоның тұсында бірінші рет көмек бергелі тұр

КИЕВ. 7 қазан. Словакия Үкіметі премьер-мнистр Роберт Фицоның кезінде Украинаға алғашқы мәрте көмек көрсетуге шешім қабылдады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Киевте Словакия мен Украинаның Қорғаныс министрлері келісімге қол қойды, оған сәйкес Братислава жаңа көмек пакетін беретін болды. Оның ішінде «кісі өлтіруге» алып бармайтын әртүрлі жабдықтар болады.
Қашаннан Ресейге бүйрегі бұрылып тұратын Роберт Фико 2023 жылдың қазан айында Премьер-министр қызметіне қайта оралғаннан бері Словакия Украинаға алғашқы әскери көмек пакетін бергелі отыр. Мұның жайын Украина Қорғаныс министрі Денис Шмихал 6 қазанда өзінің Telegram-каналында баяндады.
Оның айтуынша, Словакия Премьер-министрінің орынбасары, Қорғаныс министрі Роберт Калинакпен қол қойылған келісімге сәйкес, Украина енді Словакиядан кісі өліміне алып бармайтын әртүрлі техникаларды тегін алады. Нақтырақ айтсақ, алқапты минадан тазартатын бес «Бозена» көлігі, инженерлік-құрылыс техникасы, медициналық эвакуациялау құралдары жеткізіледі.
Шмихал Словакияның Украинаға жаңа, он бесінші қолдау пакеті бойынша жұмысты бастағанын атап өтті. Сондай-ақ ол тараптар украиналық және словакиялық компаниялар арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылағанын айтты. Келісімге қол қою туралы түсіндірме бере отырып, Калиняк Шмихалмен Киевте «біздің онсыз да ауқымды қорғаныс саласындағы ынтымақтастығымызды» кеңейту мәселесін талқылауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
2022 жылдың 24 ақпанында кең ауқымды соғыс басталғаннан бастап, Фико 2023 жылдың қазан айында премьер-министр болып оралғанға дейін Словакия Украинаға жалпы сомасы 671 миллион еуро болатын 13 әскери көмек пакетін берген болатын.
2023 жылдың қарашасында Фико үкіметі жоспарланған 40 миллион еуро тұратын 14-ші пакеттен бас тартты. Оған, мысалы, «Куб» зениттік-зымырандық жүйелеріне арналған 140 зымырандар, 5000-нан астам артиллериялық оқ-дәрілер және төрт миллион оқ-дәрілер кірді. Украинаға көмек көрсетуді тоқтату Фиконың сайлау алдындағы уәделерінің бірі болды.






