Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Қытай: Ресейге қарсы санкциялар Қытай мен ЕО арасына әсер етеді

БЕЙЖІҢ. 21 шілде. Қытай сауда министрлігі Еуроодақтың Ресейге қарсы жаңа санкцияларының Бейжің мен Брюссель арасындағы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізетінін айтты. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазір Бейжің 25-ші Қытай-Еуроодақ саммитіне дайындалуда.

Қытай сауда министрлігі Еуроодақтың Ресейге қарсы жаңа санкцияларының Бейжің мен Брюссель арасындағы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізетінін мәлімдеді. Оның жайы 21 шілде, дүйсенбі күні мәлім болды. Әңгіме Ресейдің Украинада жасап жатқан агрессиясының жалғасуына байланысты 18 шілдеде Еуроодақта қабылданған Мәскеуге қарсы шектеу шараларының 18-ші пакетіне қатысты туындап отыр.

Бейжіңде журналистерге министрлік өкілі: «ЕО-ның әрекеттері Қытай мен ЕО көшбасшылары арасындағы келісімдерге қайшы келеді және Қытай мен ЕО арасындағы сауда қарым-қатынастары мен қаржылық ынтымақтастығына елеулі кері әсерін тигізеді», – деді.

Ресейлік «көлеңкелі» флоттың 105 танкері Брюссельдің шектеуіне ұшырады. Ресей мұнайының бағасы барреліне 47,6 долларға дейін төмендетілді. Санкциялар тізіміне Қытайдың Heihe Rural Commercial Bank және Heilongjiang Suifenhe деп аталатын екі банкі де енгізілді. Еуропа одағының мәліметінше, бұл қаржы институттары Мәскеуге қарсы санкциялардың тиімділігіне нұқсан келтіретін криптовалюталық операциялармен айналысқан.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button