19 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Бағанашыл» балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейтін болды

21 Шілде 2025 23:24
- Аймақ, Жаңалықтар
«Бағанашыл» балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейтін болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 21 шілде. Алматы қаласының түбіндегі «Бағанашыл» балалар үйі Президенттің араласуымен көшірілмейтін болды. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Президенттнің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің telegram-арнасында Алматы қаласының іргесіндегі «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаев қаласына көшірілмейтінін, бұған байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізетінін баяндады.

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.

Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.

«Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады», – деп жазба қалдырды Руслан Желдібай.

Осы күні әлеуметтік желіге балалар үйі тәрбиешілерінің өздерін автобустарға күштеп отырғызбақ болып аласұрып жүрген полицейлерге қарсылық көрсетіп жатқандары түсірілген видео кеңінен тарап кетті.

Мәселеге осыдан кейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева араласты. Ол «Бағанашылдағы» қақтығыс барысында өрескел жағдай тіркеліп, екі баланың зардап шеккенін мәлімдеді.

Зәкиеваның айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес, Алматы облыстық балалар үйінде тұрақты тұратын балалар оқуын жалғастыру үшін бұрынғы мекенінде қалатын болды. Ал мекеменің өзі қала қарамағына беріледі.

Алайда көшіру барысы тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған.

«Алматы облысының әкімдігі ЦАН-да тұратын балалардың көшуі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етпеді. Соның салдарынан жол берілмейтін жағдай орын алды: балалар үйінің түлегі қыз есінен танып қалды, бір баланың аяғы жарақаттанды», – деп жазды Зәкиева.

Ол балалардан хабарлама алған соң, соңғы аптада бірнеше рет әкімдікке жүгінгенін айтты.

«Алайда жергілікті атқарушы орган ескерту жасамай, өз бетінше әрекет етті», – деді уәкіл.

Қазіргі таңда Президент Әкімшілігі бұл жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Таңбалар: балалар үйіпрезидент

Ұқсас мақалалар

Президент Айдос Мырзахметовті Қорғаныс министрі етіп тағайындады
Жаңалықтар

Президент Айдос Мырзахметовті Қорғаныс министрі етіп тағайындады

27.09.2026
Қазақстанның Қорғаныс министрі қайта тағайындалды
Жаңалықтар

Президент Каспийдегі апатқа байланысты министр Дәурен Қосановты қызметінен босатты

27.09.2026
Мемлекет басшысы жастарға Дастан Сәтбаевтың үлгі болатынын айтты
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы жастарға Дастан Сәтбаевтың үлгі болатынын айтты

19.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist