Еуроодақ Ресейдің тікелей инвестиялар қорымен жұмысқа тыйым салды

БРЮССЕЛЬ. 19 шілде. Еуропа одағы Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен және оның еншілес компанияларымен жасалатын операцияларға толық тыйым салды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Жаңа шектеулер жағдайында Ресейдің тікелей инвестиция қорының басшысы Кирилл Дмитриев Еуроодақты «санкциялар спиралін айналдырудың» орнына диалогқа шақырды.
18 шілде, жұма күні Еуропа одағы бекіткен Ресейге қарсы санкциялардың 18-ші пакеті Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен (РФПИ) және оның еншілес компанияларымен жүргізетін кез келген транзакциясына тыйым салды. Жаңа шектеулер жағдайында РФПИ басшысы Кирилл Дмитриев Еуропа елдерін «санкциялар спиралын айналдырудың» орнына диалогқа шақырды.
Дмитриевтің айтуынша, қорға қарсы санкциялардың күшеюі оның болжамды түрде «украин қақтығысын реттеуге» және «Ресей мен АҚШ арасында диалог орнатуға» жәрдемдесуіне байланысты туындап отыр. Оның сөзіне қарағанда, Еуроодақ санкциялары еуропалықтардың өздері үшін де апат әкеледі.
Ақпан және наурыз айларында Кирилл Дмитриев Әр-Риядта Ресей мен АҚШ делегациялары арасындағы келіссөздерге қатысқан, сәуірде Уашингтонға келіп, Дональд Трамп командасының өкілдерімен кездескен.
CNN телнарнасы АҚШ билігі Дмитриевке қарсы санкцияларды уақытша алып тастады, осылайша мемлекеттік департамент оған кіру визасын бере алады, деп атап көрсетті.
РФПИ басшысы АҚШ-та оқып, жұмыс істеген. Сәуірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоры Кирилл Дмитриевке қатысты тергеу бастады. ФБК мәліметінше, Дмитриевтің, оның отбасы мүшелерінің және оған қатысы бар компаниялардың Ресейде, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Еуропада жалпы құны 7,5 миллиард рубль болатын жылжымайтын мүліктері бар. Мемлекеттік қызметке кіріскенге дейін оның барлық жылжымайтын мүлкінің құны 420 миллион рубль болған екен. «Дмитриевтің лауазымдық жалақысы қымбат жылжымайтын мүлік сатып алуға жетпейді», деп есептейді тергеушілер.






