Трамп Украинаға оң қарап, Зеленськийді жақын тарта бастады

УАШИНГТОН. 8 шілде. АҚШ президенті Дональд Трамп Украина жөніндегі пікірін өзгертіп, Володимир Зеленськиймен «стратегиялық» әңгіме жүргізді. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп, шамасы, өзінің орыс-украин соғысына қатысты риторикасын өзгерткен сияқты, бұл Киев үшін өте жақсы жаңалық болғалы тұр. АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлогтың қызы және Украинаның жақтасы Меган Моббс Америка лидері Дональд Трамптың Украинадағы жағдайға қатысты таяудағы мәлімдемесіне мұқият талдау жасады. Оның республикашылар шеңберімен жақсы байланысы бар, істерінен хабардар, сондықтан саясаттың болашақта қалай қарай өзгеретінін дұрыс пайымдай біледі. Меган бұл ойлары мен тұжырымдарын өзінің Х аккаунтындағы парақшасында жариялады.
Моббстың пікірінше, Трамптың өзінің украин лидері Володимир Зеленськиймен әңгімесіне қатысты «стратегиялық» деген сөзді қолдануына айрықша назар аударылуы керек. Ол Трамптың әдетте әлем елдері лидерлерімен жүргізген келіссөздері туралы сөз еткенде, мұндай термин қолданбайтынын атап өтеді. Оның қарым-қатынас стилінде нәзік немесе тенхнологиялық сипаттамалар емес, есте қалатын жарқын анықтамалар көбірек айтылады. Президент шетелдік лидерлермен өзара қарым-қатынас жайына тоқталғанда, «стратегиялық» емес, көбіне-көп «тамаша», «керемет», «өнікті» немесе «орасан зор» деген сөздер легін қолданып тұрады.
Солай дей тұрғанмен, бір мезгілде әрі қарапайым, әрі мағыналы болып естілетін «стратегиялық» деген сөз де оның стиліне сәйкес келеді. Бірақ аталмыш контексте, Моббстың пікірінше, бұл сөз әңгіменің артық кедергілерсіз белгілі бір мақсатқа бағытталған ниетін көрсетеді.
Трамп бұдан әрі өз мәлімдемесін «Біз оларға көмектесіп келдік және көмектесуді жалғастыра береміз» деп толықтырды.
Меган Моббс мұны бүгінгі күннің ең ашық білідрілген барынша анық та айқын міндеттемесі деп бағалайды.
Айта кететін жайт, Трамп Украинадағы ахуалдың ауыр екенін мойындай отырып, оған бұрынғысынша Джо Байденге қатысты түсіндірмерелерді қосқан жоқ, ешбір мәймөңкесіз бірден РФ диктаторы Владимир Путин мен оның мақсатын айыптауға көшті. Бұл, Моббстың айтуынша, «ғаламат».
Меган Моббс қазіргі кездегі нақты саясаттағы тоқтамның қандай болып тұрғанын айтты. Алайда ол жүзінде «Зеленський мен Путиннің соғыстағы тұжырымдамаларында айтарлықтай ілгері жылжушылықтың» жүріп жатқанына назар аударды. Бұл, сөз жоқ, Американың саяси аренасында Украинаны қолдау позициясының нығая түскенін байқататын жақсы жаңалық болып табылады.






