Ақ үй Украинаға қару жеткізудегі үзілістің нақты себебін айтты

УАШИНТОН. 8 шілде. Ақ үй Украинаға қару-жарақ жеткізуде орын алған үзіліске Путиннің қатысы жоқ екенін мәлімдеп, оның нақсы себебін білдірді. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Трамп әкімшілігі Ресей жаппай шабуылдар жасап жатқан кезде Құрама Штаттар Украинаға қару-жарақ жеткізуді әдейі тоқтатты деген айыптауларды жоққа шығарды.
Дональд Трамп әкімшілігінің өкілі Кэролайн Левиттің баспасөз мәслихатында мәлімдеуінше, Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтату Путинді тыныштандыруды көздеген әрекет емес, қолда бар қаруларды қайта қарау үшін стандартты үзіліс үшін жасалғанын жеткізді. Ол Уашингтонда өткен баспасөз брифингінде осының жайын айтты.
Журналистердің «Ресей Украина қалаларына соққы беруін жалғастырып жатқан кезде қару-жарақ беруді тоқтату туралы шешімді – президент пе, әлде Пентагон ба – кім қабылдады?» деген сұрағына Левитт: «Жоқ, бұл мәлімдемелердің ешқайсысы да шындыққа жанаспайды», – деп жауап берді.
Ол Пентагон АҚШ-тың Украинаға ғана емес, әлемнің барлық елдері мен аймақтарына көрсететін барлық қару-жарақ, барлық көмек пен қолдаудың стандартты сараптамасын жүргізіп жатқанын атап өтті.
Левитт АҚШ-тың қазіргі қорғаныс министрі қызметіне кіріскеннен кейін Пентагонға әрбір шешім Құрама Штаттардың мүдделеріне сай келетініне көз жеткізу үшін осы талдауды жүргізуді тапсырғанын еске салды.
«Бұл – Пентагон алға тартатын нәрсенің бәрі біздің әскерилеріміздің және формадағы ерлер мен әйелдердің мүдделеріне сай келетінін тексеру үшін үзіліс», – деді Ақ үй өкілі.
Ал Уашингтонның Киевке қару-жарақ жеткізуді тоқтату туралы шешімі Украина, Еуроодақ, тіпті АҚШ конгресінің мүшелері үшін де күтпеген жағдай болған еді. Содан кейін Конгресс мұндай шешім қабылдағаны үшін Трамптың командасын сынға алды.






