Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Пентагон басшысы Хегсет: Ресей – Украинадағы соғыстағы агрессор

УАШИНГТОН. 2 шілде. АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет сенаторлардың сұрақтарына жауап беру кезінде еш кідірместен Ресейді Украинаға қарсы соғыстағы агрессор деп атады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Пентагон басшысы Пит Хегсет Сенаттың қаржы бөлу комитетінде әскери бюджетті талқылау кезінде берген жауабында Украинадағы соғыста Ресейдің тікелей агрессор екенін ашып айтты. Оның сөзінің видеосын 11 маусым, сәрсенбі күні ABC арнасы жариялады.

Сенатор Митч МакКоннелл Пентагон басшысынан кімді агрессор деп санайтынын және Украинадағы соғыста кімді құрбан деп санайтынын сұрады. «Ресей – агрессор», – деп жауап берді Хегсет еш ойланбастан, содан кейін МакКоннелл қай тараптың жеңгенін көргісі келетінін сұрады.

«Біздің бұған дейін талай рет айтқанымыздай, президент (Дональд Трамп. – ред.) бұл қақтығыста бейбітшілікті жақтайды. Сайып келгенде, бейбітшілік біздің ұлттық мүдделерімізге қызмет етеді және бұл нәтиже осы залдағы және еліміздегі көптеген адамдар үшін артық болмаса да, екі жақтың мүдделеріне қызмет етеді деп санаймыз», – деп жауап берді Хегсет.

Маусым айының басында Пентагон басшысы Хегсет өзінің ізашары Ллойд Остиннің бастамасымен құрылған Украина жөніндегі байланыс тобының отырысына үш жыл соғыстан бері алғаш рет қатыспады. Министрдің баспасөз қызметі мұны оның сапар кестесімен түсіндірді. AP агенттігі мұны министрдің Украинадағы әскери әрекеттерден алшақтау үшін жасаған қадамдарының бірі деп атады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button