Трамп: Путинге Ресейдің соғыста қырылып жатқаны бәрібір сияқты

УАШИНГТОН. 12 маусым. АҚШ президенті Дональд Трампқа Ресей әскерлерінің украин жерінде қатты шығынға ұщырап жатқаны Кремльдің қожайынын жанын ауыртпайтынын айтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресей Украинада аптасына 5000 әскерін жоғалтып жатыр, алайда Путин оған мән бермейтінге ұқсайды. Оған бәрібір.
«Ресей Украинаға қарсы соғыста апта сайын 5 мың әскерінен айырылып қалуда, бірақ бұл соғысты жалғастыруға ниетті Ресей президенті Владимир Путинге ешқандай әсер етпейді», деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп. «Ол, сірә, бәрібір болуы мүмкін. Мен «солай екн ғой» деп ойлай бастадым. Ол ұрыс даласында өте көп әскерін жоғалтып жатыр, Украина да. Енді мұның ақыры не болатынын көреміз», – деді Трамп Pod Force One желісінде.
Оның айтуынша, Мәскеу мен Киев арасындағы тікелей келіссөздер кезінде біршама ілгерілеушілікке қол жеткізілген, бірақ кейін «олар бомбаламау керек нәрселерді бомбалап жіберді». «Бұл – прогрестің соңы» деп мәлімдеді Ақ үй басшысы.
Бұған дейін Ақ үйдегі мәнбелер The Atlantic басылымына Трамптың Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) «Өрмекші торы» кодты операциясына көңілі толмайтынын, соның нәтижесінде маусым айының басында ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланатын кемінде 12 ресейлік стратегиялық бомбалаушы ұшағы жойылғанын айтқан болатын.
Қасындағылармен әңгімелесу кезінде Трамп бұл қақтығыстың шиеленісуіне әкелуі мүмкін екенін және Украина президенті Володимир Зеленський көрнекі операциялардың орнына Ыстамбұлдағы Ресеймен келіссөздерге назар аударуы керек екенін атап өтті. Осыдан кейін Ақ үй басшысы Путин мен Зеленськийдің бір-бірін «жек көретінін» айтып, олардың мінез-құлқын саябақта төбелескен екі кішкентай баламен салыстырды. Оның ойынша, екеуін ажырататын уақыт болмай тұрып, «кішкене төбелесуге» рұқсат беру керек.
Бұған жауап ретінде Зеленський Путин екеуі саябақтағы ойын алаңындағы балалар емес екенін, ал Путин «бұл саябаққа балаларды өлтіру үшін келген өлтіруші» екенін айтты. Мамыр айының соңындағы жағдай бойынша Mediazona мен ВВС орыс қызметі журналистері Украинаға қарсы соғыста қаза тапқан 110 608 ресейлік сарбаздың аты-жөнін анықтады. Сонымен бірге олар ресейлік армияның нақты шығыны айтарлықтай жоғары болуы мүмкін екенін атап өтті.
Қайтыс болғандардың аты-жөні нақты шығындардың 45-65%-ын ғана құрайды, тиісінше қаза тапқандардың жалпы саны 170-246 мың адамға жетуі мүмкін. Ресей әскерінің құрамында соғысқан Луганск және Донецк облыстарының Ресей басып алған аумақтарының тұрғындарын есепке алғанда, қаза тапқандардың саны 191-ден 269 мыңға дейін болуы мүмкін.
АҚШ билігінің мәліметінше, тек 2024 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың сәуіріне дейін Ресей армиясының Украинадағы шығыны қаза тапқан және жараланған 400 мыңнан асады. Осы уақыт ішінде ресейлік әскерлер Украинаның 4700 шаршы шақырымнан сәл астам жерін басып ала алды, яғни жаулап алудың әрбір шаршы шақырымы үшін 84 сарбазды құрбан етуге тура келді. Жалпы, НАТО барлау мәліметтері бойынша, Ресей армиясы үш жылдан астам соғыста 900 мыңдай адам қаза тауып, жараланған.