26 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сербия Украинаның аумақтық тұтастығын сақтап қалуын қолдайды

11 Маусым 2025 22:49
- Жаңалықтар, Жаһан
Сербия Украинаның аумақтық тұтастығын сақтап қалуын қолдайды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕЛГРАД. 11 маусым. Сербия президенті Украинаның территориялық тұтастығын қолдап, оның қалаларын қалпына келтіруге көмектесетінін мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Сербия президенті Александар Вучич Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайды және Украина қалаларын қалпына келтіруге көмектесуге уәде береді.

Сербия мемлекеттердің аумақтық тұтастығын қорғауды қоса алғанда, халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттарын сақтайды. Бұл жайында Одессада өткен Украина – Оңтүстік-Шығыс Еуропа саммиті барысында серб лидері Александар Вучич сыр шертті. «Сербия БҰҰ мойындаған мемлекеттердің аумақтық тұтастығын қорғау қағидатына негізделген БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқық нормаларын берік және бұлжытпай ұстануды жалғастырады. Біз бұл ұстанымды әрқашан қорғап келдік және солай істей береміз», – дегенді қадап айтты Вучич.

Сербия басшысы Украина президенті Володимир Зеленькийге де соғыс аяқталғаннан кейін Белградқа Украина аумақтарын қалпына келтіруге қатысу хақындағы ұсыныспен шықты. «Сербия бір-екі қаланы немесе шағын аймақты қалпына келтіруді өз мойнына алуға дайын. Менің ойымша, бұл Украина халқы үшін өте маңызды», – деді Вучич. Ол сондай-ақ Украина Сербияның гуманитарлық көмегіне әрқашан сене алатынына сендірді.

«Біз диалогқа ашықпыз және қай жерде пайдалы бола алатынымызды тыңдауға дайынбыз. Үлкен сөздерсіз біз шын мәнінде лайықты украин халқы үшін кем дегенде нақты бір нәрсе жасай аламыз деп үміттенемін», – дегенді қосты Сербия президенті.

Александар Вучичтің 11 маусымдағы Украинаға сапары Ресейдің Украинаға қарсы кең ауқымды соғысы басталғаннан бергі алғашқы визиті болды. Одессадағы саммит ынтымақтастықты нығайту және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің Украинаға қолдауын шоғырландыру мақсатында өтті.

Володимир Зеленський бұған дейін Вучичтің сапарына дайындық туралы баяндаған болатын. Мамыр айының соңында ол өзінің Telegram-арнасында сербиялық әріптесімен келіссөздер жүргізгенін, оның барысында тараптар кездесу кестесін келісіп, байланыста болуға келіскенін жазды.

Мұның алдында Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан да тап осылай аяқ астынан 180 градусқа кілт өзгеріп, өзінің бұрынғы риторикасына мүлдем қарама-қарсы жаққа шығып кеткен еді. Бұған Еуропа одағынан Будапештке берілетін қаржының тоқтатылатыны жайлы қауесет тікелей әсер еткені де сосын жұмбақ болудан қалды. Бірақ Сербия басшысының неге әдепкі позициясынан неліктен әзірге түсініксіз болып тұр.

Таңбалар: Александар ВучичкөмекУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist