Жапондар індеттен құтқаратын өсімдіктерді атады

ТОКИО. 29 наурыз. Жапонияның медицина мамандары коронавирусқа қарсы күресте көмекке келетін түрлі өсімдіктерді анықтап шықты. Бұл туралы «Свободная пресса» хабарлады.
Аталмыш тізімде зімзір (имбирь) мен сарымсақ (чеснок) бірінші орында тұр. Бұлардың алғашқысын қазақтар бұдан басқа тағы «занзәбіл» деп атайды. Зімзір мен сарымсақтың екеуінде бактерияға қарсы күресетін табиғи қасиет бар. Зімзірдің құрамында аскорбин қышқылының (аскорбинная кислота), В, А дәрумендерінің (витамин), мырыштың (цинк), кальций мен йодтың мөлшері көп. Бұдан бөлек, оның белсенді заты – гингерол аурудың қабыну процесін жұмсартып, ауыруды сездірмейді.
Бұдан кейінгі орында құрқырма (куркурма) тұр. Оның құрамына кіретін заттар иммунитетті керемет күшейтеді және табиғи антибиотик болып табылады.
Тізімнің төртінші және бесінші сатысына жидектер мен бал жайғасқан. Табиғи жидектерде дәрумен мен антиоксиданттар жеткілікті, ал бал ертеден өзінің емдік қасиеттерімен көпшілікке танымал.
Медиктер сондай-ақ құрамында С витамині болатын тағамдарды көбірек пайдалануды ұсынады. Оларға цитрусты жемістер, мүкжидек (клюква), қара қарақат (черная смародина), қойбүлдірген (земляника), итмұрын (шиповник), шетен (рябина), итбүлдірген (брусника), шырғанақ (облепиха), алма, құрма, ашытылған брюссель капустасы (квашенная брюссельская капуста), түсті капуста (цветная капуста), болгар бұрышы және жапырақты өсімдіктер (лиственная зелень) жатады.
Тізімді түрлі-түсті капуста мен теңіз капустасы тиянақтайды. Олардың пигменттерінде (хлорофилл, астаксантин, бета-каротин) антиоксидант және иммунитетті нығайтатын жоғары тиімділігі бар.



