Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Сеул: Солтүстік Корея Ресейге тағы 3000 әскерін аттандырды

ПХЕНЬЯН. 28 наурыз. КХДР Ресей армиясы құрамында Украинаға қарсы соғысу үшін тағы 3 мың солдатын майдан даласына шығарып салды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Неміс толқынының» хабарлауынша, Пхеньян Украинаға қарсы соғысқа әскер жіберіп жатыр, сонымен қатар ол Ресейді зымыран, артиллерия және оқ-дәрілермен қамтамасыз етуде.

Сеул осы кезге дейін Солтүстік Кореяның 11 000 әскерінің 4 000-ы соғысты қаза тапты немесе жараланды, деп санайды.

Солтүстік Корея Мәскеудің Украинаға қарсы соғысында қатысып жатқан күштерін күшейту үшін жыл басынан бері Ресейге тағы 3 мың әскер жіберген. Оңтүстік Кореяның біріккен штаб бастықтары 27 наурыз, бейсенбі күні осындай болжам жасады. Ресейге бастапқыда жіберілген 11 000 Солтүстік Корея әскерінің 4 000-ы жаһаннамға аттандырылған немесе жараланған деп есептейді Сеул. Бұған қоса, «Пхеньян Мәскеуді зымыран, артиллерия және оқ-дәрімен қамтамасыз етуді жалғастыруда. Қазір Солтүстік Кореяның Ресейге «қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандардың едәуір санын», сондай-ақ гранатометтерді және бірнеше зымыран жүйелерін жеткізгені анықталды», дегенді қосты Оңтүстік Корея. Майдандағы жағдайға байланысты бұл сан артуы мүмкін.

2024 жылдың қазан айынан бері КХДР Оңтүстік Корея, Украина және АҚШ-тың мәліметінше, Украинамен шектесетін Ресей Федерациясының Курск облысына 10 мыңға жуық әскери қызметкерін жіберген. Қаңтар айының соңында америкалық The New York Times газеті мен британдық Sky News телеарнасы Солтүстік Корея күштерінің үлкен шығындарға ұшырап жатқандарын жазды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button