Ушаков: Ресей Украинамен уақытша атысты тоқтатуды қаламайды

МӘСКЕУ. 13 наурыз. Ресей Украинамен арадағы атысты уақытша тоқтатуға келісім бермейтін болып отыр. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мұны Ресей диктаторы Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков бүгін, 13 наурыз, бейсенбі күні Россия-1» мемлекеттік телеарнасына берген түсіндірмесінде айтты.
«Мәскеу Украинамен жанжалды ұзақ мерзімді реттеуге мүдделі», – деп мәлімдеді ол. Оның айтуынша, Кремль «бейбіт әрекеттердің имитациясын жасайтын» бөстекі қадамдарға бармайды.
«Біздің мақсатымыз – еліміздің заңды мүдделерін ескеретін ұзақ мерзімді бейбіт реттеу деп санаймыз», – деді Ушаков. Оның ойынша, «бейбіт әрекеттердің иашарасы» іспеттес тірліктердің ешкімге пайдасы жоқ. Владимир Путиннің көмекшісі Мәскеудің Уашингтоннан Ресейдің Украинадағы ахуаоды реттеу жөніндегі ұстанымын түсінетінін күтетінін және бұл атысты тоқтату мәселесін пысықтау кезінде ескерілетінін айтты. Мәскеу Уашингтонға атысты тоқтату келісімінің шарттарын жеткізгені туралы ақпарат құралдарында жарияланған ақпаратқа ол осылай түсіндірді.
Ушаковтың сөзінен бірнеше сағат бұрын Reuters ашегттіші жағдаймен таныс ақпарат мәнбелеріне сілтеме жасай отырып, Ресей АҚШ-қа соғысты тоқтату туралы келісімге келу үшін қоятын талаптарының тізімін ұсынып қойғанын хабарлаған еді. Олар Ресей билігінің Украинаға, АҚШ-қа және НАТО-ға бұдан бұрын ұсынған ұсыныстарынан ауытқи қоймайды. Бұл шарттар, атап айтқанда, Киевтің Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүше болудан бас тартуы, Украинаға шетел әскерлерін орналастырудан бас тартуы және Ресейдің Украинадан оккупациялап алған территорияларын мойындауы деп аталады.
Ушаков 13 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Мәскеуге келгені туралы ақпаратқа түсіндірме бермеді. «Біз мұндай байланыс құпия болады деп келістік», – деді ол.
Бүгін мұндай мәлімдемені Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та жасады.