ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Макрон: Бейбітшілік Украинаның тізе бүгуімен орнай салмайды

ПАРИЖ. 6 наурыз. Франция президенті Эммануэль Макрон әлемдегі бейбітшіліктің Украинаның тізе бүгуімен орнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Франция президенті бүгін Трамп әкімшілігінің Украинаға қатысты соңғы күндергі әрекеттеріне байланысты бірнеше мәлімдеме жасады.

Эммануэль Макрон алдағы аптада «Украинадағы болашақ бейбітшілікке кепілдік беруге дайын» ​​елдердің штаб басшыларының кездесуі өтетінін жариялады.

Ол сәрсенбі күні француз халқына арнаған үндеуінде осының жайын мәлім етті.

Бейбітшілік Украинаның тізе бүгуімен орнамайды

Француз президенті өз сөзінде қандай бағамен бейбітшілікке қол жеткізуге болмайтынын және бұл жерде Ресейдің ырқымен кетіп қалудан бейбітшіліктің келмейтінін, бұдан қайта оның өктемдігі мен арсыздығын арттырып алуға болатынын атап өтті. «Украинаның капитуляциясы бейбітшілік әкелмейді», – деді Франция басшысы.

Украинаға Еуропа әскери контингентін орналастыру мүмкіндігіне түсіндірме берген президент мұндай сценарийдің бітімгершілік келісімге қол қойылғаннан кейін қолға алынатынын мәлімдеді. Мұндай жағдайда Еуропа әскерилерінің әлеуетті миссиясы қол жеткізілген келісімдердің сақталуын қамтамасыз ету болады.

Еуропа АҚШ-тың кез келген позициясына дайын болуы керек

Макрон АҚШ-тың Еуропа жағында қалатынына үміт білдірді. Алайда егер жағдай басқаша қалыпқа өзгеретін болса, Еуропа мемлекеттері бұған да  дайын болуы керек.

Франция президенті Еуропа елдерін қорғанысты нығайтуға шақырып, құрлықтың болашағы Уашингтон мен Мәскеуде шешілмеуі керек екенін алға тартты. Оның айтуынша, қазір Еуропадағы одақтастар танктер мен ұшақтарды сатып алуды бірлесіп қаржыландыру туралы шешімдер дайындауда.

Сонымен қатар, Франция басшысы Еуропадағы ядролық қаруды тежеудегі Париждің рөлі туралы стратегиялық пікірталас өткізуге ниет білдірді.

Егер АҚШ Еуропа елдерімен одақтас болудан қалып жатса, Франция ядролық қаруы бар держава ретінде осы міндетті өзінің мойнына алып, құрлықтың басты қорғаушысы бола алады. Осы тұрғыда қазір ядролық қаруларды Норвегия, Польша, Чехия, Финляндия секілді елдерге апарып орналастыру жайы да қарастырылып жатыр.

Путинге ешқашан сенуге болмайды

Сондай-ақ Макрон Украинаның қазіргі таңда тек өзінің ғана емес, бүкіл Еуропаның болашағы үшін күресіп жатқанын атап өтіп, одақтастарды Украина мемлекетін қолдауды жалғастыруға шақырды.

Франция президенті Кремльге ешуақытта сенуге болмайтынын атап өтті. Ол ешқашан өзінің сөзінде тұрған емес. Макрон осыған байланысты Ресей Федерациясының Минск келісімдерін қалай және қаншама рет бұзғанын еске салды. Ол басқыншы елдің 2030 жылға қарай әскер қатарына 3 миллион жауынгер жұмылдыруды жоспарлап отырғанын да айтты. Ал бұған Еуропа жол бермеуі тиіс.

Бүгін Трамп-Путин тандемінің күшті белең алып бара жатқанынан кіпі алған әрі АҚШ-тың баж салығы тарифіне қарсы соғысуға әзір екенін білдірген Қытай Еуропаға қарай бет бұра бастады. Ол осы күні Украинамен әріптес ретінде бірнеше келісімшартқа қол қойды.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button