Трамп: Зеленьский бейбіт өмірге дайын емес, әзір болғасын келсін

УАШИНГТОН. 28 ақпан. АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Володимир Зеленьскийдің әлі бейбітшілікке дайын емес екенін, енді әзір болған кезінде келуі керектігін айтты. Бұл туралы УНИАН ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Дональд Трамп Ақ үйде Володимир Зеленьскиймен әңгімеге түсіндірме жасап, оның неге қызу талас үстінде өткенін баяндап берді.
«Бүгін бізде Ақ үйде өте зор мәні бар кездесу өтті. Осындай от пен қысымның құрсауындағы әңгімесіз еш уақытта түсінуге болмайтын көп нәрсені біліп қалдық. Таңғаларлық нәрсе, мен шектен шыққан эмоция арқылы айтылған әңгімеден ұққаным: президент Зеленьский бейбітшілікке әлі әзір емес екен, егер Америка бұған тартылған болса, себебі, ол біздің бұл келіссөзге қатысуымыз бұған көп артықшылық беретінін сезінгендігімізден», – деді ол.
«Маған артықшылық керек емес, маған бейбітшілік керек. Ол Америка Құрама Штаттарына өзінің Дөңбек кабинетінде құрмет көрсетпеді. Ол енді тек бейбітшілікке дайын болған кезінде ғана қайта келе алады», – деді сосын тағы.
Президент Дональд Трамп өзінің ресейлік диктатор Владимир Путиннің жағында ойнайтынын жоққа шығарды.
АҚШ президентінің айтуынша, қазір Кремльдің қожайыны мәнзіліне сыни мәлімдеме жасай алмайды, себебі, бұл Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілік келісіміне қол жеткізуге кері әсер етеді. Америка лидері сондай-ақ Ресей лидерінің ыңғайына қарай өте көп құлайтынын да өтірікке жатқызды.
«Енді мен бұлардың екеуіне де ықылас білдірмесем, онда бізде ешқашан келісім болмас еді. Сіздер сонда Путин жөнінде сыртынан сұмдық сөздерді айтып алып, артынан оның өзін көргенде: «Сәлем, Владимир. Сенімен келісімді қалай жасаймыз?» деуім кере пе?! Бұлай жұмыс істесе алмайсың. Мен Путинмен бірге емеспін. Мен ешкіммен әмпей емеспін. Мен тек Америка Құрама Штаттары жағындамын және әлемнің игілігі жағындамын, бейбітшілік жағындамын», – деді Трамп.
Ол сосын Володимир Зеленьскийдің Путинге қатысты ымыраға келмес позицияда екенін айтып шағымданды.
«Сіздер білесіздер ме, оның Путинге деген жеккөрушілік сезімі сұмдық – менің мұндай жеккөрушілік жағдайында екеуінің арасындағы келісімге қол жеткізуім қиын», – деді ол соңында.
Біз мұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Володимир Зеленьскийдің Ақ үйдегі кездесуі қызу пікірталас үстінде өтіп жатқанын жазғанбыз.
Кездесу кезінде АҚШ президенті өз сөзінде Зеленьский Штаттарға алғыс айтуға тиіс дегенді келтірді. Өйткені, «өзінің қолында керекті карта болмай тұрған» адам Уашингтонға «ананы алғым келеді, мынаны алғым келеді» деп айта алмайды. Украин президенті бұған жауап ретінде «мен мұнда карта ойнау үшін келгем жоқ» деді бір ауыз сөзбен оның өзін келеке етіп.
Бұдан бұрын Трамп кездесудің кескіні айқындалып қалғанын айтқан. Бірақ айтқаны қиыс кетті, келіссөз болмай қалды.
АҚШ лидері сондай-ақ украин солдаттарының ерліктеріне тәнті екенін де білдірген еді.