Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Украина уақытша атысты тоқтатуға келісті, ендігі сөз – Ресейде

ӘР-РИАД. 11 наурыз. Украина АҚШ-тың 30 күнге созылатын дереу уақытша атысты тоқтату туралы ұсынысын қабыл алды. Бұл туралы UNIAN ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Сауд Арабиясының Жидда қаласында өткен Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуінде украин тарапы өз оппоненттерінің дереу атысты 30 күнге тоқтату тұру жөніндегі ұсынысына келісім берді. Дегенмен, ендігі кезек – Ресейде, алдымен атысты басқыншылар тоқтатуға келісуі керек.

«Украина АҚШ-тың Ресей Федерациясымен бір уақытта орындалуы шарты бойынша уақытша 30 күндік атысты тоқтату туралы ұсынысын дереу қабылдауға дайын екенін білдірді. Бірақ дәл осындай келісімді Ресей де беруі тиіс. Америка Құрама Штаттары Ресей тарапынан бейбітшілікке қол жеткізудің кілті өзінде екені туралы Ресейге хабардар етеді», – делінген Украина президентінің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Сонымен қатар, делегациялар бітімгершілік процесінің бір бөлігі ретіндегі гуманитарлық күш-жігердің маңыздылығын, атап айтқанда, жоғарыда аталған атысты тоқтату кезінде, соның ішінде әскери тұтқындарды алмасу, қамауға алынған бейбіт тұрғындарды босату және күштеп қоныс аударылған украин балаларын қайтару мәселелерін талқылады.

«Екі делегация Украинаның ұзақ мерзімді қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін келіссөз жүргізетін топтардың құрамын анықтауға және келіссөздерді дереу бастауға келісті. Америка Құрама Штаттары бұл нақты ұсыныстарды ресейлік өкілдермен талқылауды міндетіне алды. Украина делегациясы еуропалық әріптестердің бітімгершілік үдерісіне қатысуы керектігін тағы бір мәрте атап өтті», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, екі елдің президенттері Украина экономикасын нығайту және Украинаның ұзақ мерзімді өркендеуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Украинаның маңызды минералдық ресурстарын игеру туралы жан-жақты келісімді тез арада жасасуға келісті.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button