АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Зеленьский тікелей эфирде Трамппен қызу айтысып жатыр

УАШИНГТОН. 28 ақпан. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Володимир Зеленьскийдің Ақ үйдегі бүгінгі кездесуі қызу пікірталас үстінде өтті. Бұл туралы УНИАН ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Украина президенті Володимир Зеленьский, АҚШ президенті Дональд Трамп және вице-президент Джэй Ди Вэнс араларында тікелей эфирде қызу айтыс болды», – делінген хабарламада.

Украина президенті 2014 жылдан бері ешкім тоқтата алмаған Кремль билеушісі Путиннің келіссөз жүргізуге мүлде қабілетсіз екенін мәлімдеді. «Олар адамдарды шекараның түйісу белдеулерінде де өлтіріп жатты. Оны ешкім тоқтатқан жоқ. Біз онымен сөйлестік, көп әңгімелестік. Мен атысты тоқтату туралы келісімге қол қойдым, бәрі мені бұдан әрі қарай ештеңе болмайды деп сендірді… Бұл жерде қандай дипломатия көмектесе алады? Біз өзі нені айтып отырмыз?», – деп сұрады Зеленьский.

Ди Вэнс қазір Украинадағы майданда ер адамдардың жетіспейтінін айта бастады. Ал Зеленьский бұған жауап ретінде тіпті оның өзінің ешқашан Украинада болмағанын сөз етті. Осыдан кейін Украина президенті соғыстың кезінде барлық елдердің проблемалары болатынын, мұндай жағдайда оны тіпті Америка Құрама Штаттары да сезінуге мәжбүр болатынын алға тартты. Сол кезде таласқа Трамп араласып, Зеленьский «мұны біле алмас еді» дегенді қосты. «Біздің нені сезінетінімізді бізге айтпаңыздар. Біз сіздердің проблемаларыңызды шешіп бергелі жатырмыз. Бізге өз позицияларыңызды тықпалап керегі жоқ. Сіздердің бізге нұсқау беруге құқықтарыңыз жоқ», – деді ол.

АҚШ президенті өз сөзінде Зеленьский Штаттарға алғыс айтуға тиіс дегенді келтірді. Өйткені, «өзінің қолында керекті карта болмай тұрып», Уашингтонға «ананы алғым келеді, мынаны алғым келеді» деп айта алмайды. Украин президенті бұған жауап ретінде «мен мұнда карта ойнау үшін келгем жоқ» деді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button