ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

«Батыр мен қорқақ кездесті»: Трамп пен Зеленський кездесуіне орай

КИЕВ. 1 наурыз. Әлем мемлекеттерінің лидерлері Ақ үйдегі Трамп пен Зеленський кездесуіне орай «батыр мен қорқақ кездесті» деген тұрғыда әңгіме айтып жатыр. Бұл туралы УНИАН ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды

Шетелдік көшбасшылар мен саясаткерлер АҚШ-тағы сәтсіз келіссөздерден кейін Украина мен президент Володимир Зеленськийге жаппай қолдау білдіруде.

Польша

«Құрметті Володимир Зеленський, қымбатты украиналық достар, сіздер жалғыз емессіздер», – деп жазды Польша премьер-министрі Дональд Туск.

Франция

Франция президенті Эммануэль Макрон: «Агрессор бар, ол – Ресей және агрессияға ұшыраған халық бар, ол – украиндар. Біз әуелден өз отбасылары, балалары үшін, Еуропаның қауіпсіздігі мен қорғанысы үшін күресіп жатқандарды құрметтеуіміз керек».

Испания

«Украина, Испания сенімен бірге», – деп жазды Испания үкіметінің басшысы Педро Санчес X микроблогында.

АҚШ

«Бүгін батыр мен қорқақ Сопақ кабинетте кездесті. Ал кездесу аяқталған соң, қаһарман Украинаға, өз үйіне кетеді», – деп атап өтті Калифорния штатынан сайланған сенатор Адам Шифф желіде.

«Трамп АҚШ-тың көмегі Зеленський мен Украинаға қолдау көрсетті деді (ол сәл аздап дипломатия тілін қолданды), бұл рас. Бірақ Трамптың өзі әлі ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Керісінше, ол және оның Республикалық партиясы жаңа көмек пакетін 6 айға кейінге қалдырып қойды (бұл көптеген украинның өмірін қиюға алып барды). Трамптың орынбасары бұған қарсы дауыс берді. Шын мәнінде Трамп ешқандай жаңа көмек ұсынған жоқ»,– деді АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Майкл Макфол.

Германия

«Оккупацияланған ел президентінің ту сыртынан қалай пышақ сұғып алуға болады? Ал азат Еуропа Украинаға бұлайша опасыздық жасамайды», – деді ХДС партиясы жетекшісінің орынбасары, Германияның алдағы канцлері Фридрих Мерц.

«Германия еуропалық одақтастарымен бірге Украинаның қасында болып, Ресей агрессиясына бірге қарсы тұрады», – деп жазды Германияның Сыртқы істер министрі Аннален Баербок.

«Украина азаматтарынан артық бейбітшілікті қалап отырған ешкім жоқ! Сондықтан біз ұзақ және әділ бейбітшілікке жол табу үшін бірге жұмыс істеп жатырмыз. Украина Германияға және Еуропаға арқа сүйей алады», – деп жазды Германияның қазіргі канцлері Олаф Шольц.

Литва

«Украина, сен ешқашан жалғыз болмайсың», – деп жазды Литва президенті Гитанас Науседа.

Осы елдің бұрынғы Сыртқы істер министрі Габриелиус Ландсбергис: «Оған қазір ыстық құшақ емес, мол оқ керек» деп атап өтті.

Ұлыбритания Біріккен корольдігі

«Ұлыбритания тіпті Украинаны қолдайтын әлемдегі жалғыз мемлекет болып қалса да, біз сол жолды жалғастыруымыз керек. Олар біздің қорғанысымыздың алдыңғы шебінде тұр. Олардың ұлдары мен қыздары біздің бостандығымыз үшін соғысып, қаза тауып жатыр. Біз оларға қайта алғыс айтуымыз керек», – деп жазды Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли.

Канада

«Ресей Украинаға заңсыз және ешбір негізсіз басып кірді. Үш жыл бойы украиндар ерлікпен және төзімділікпен шайқасып жатыр. Олардың демократия, бостандық және егемендік жолындағы күресі бәріміз үшін де маңызды. Канада Украина мен украиндарды әділ де берік әлемге қол жеткізу жолындағы күресінде қолдауды жалғастыра береді», – деп жазды Канада премьер-министрі Джастин Тоюдо.

Дания

«Құрметті Володимир Зеленський, Дания Украина мен украин халқына зор мақтанышпен қолдау көрсетеді», – деді премьер-министр Метте Фредериксен.

Нидерланд

«Мен жақында ғана қымбатты украин досым әрі әріптесім Ондрий Сыбихамен сөйлестім. Мен қаншаға түссе де, қанша уақытқа созылса да, Украинаны толық қолдайтынымды растадым», – деді Нидерланд Сыртқы істер министрі Каспар Велдкамп.

Еуропа одағы

«Сіздің өрлігіңіз украин халқының ерлігін көрсетеді. Күшт болыңыз, батыл болыңыз, жүрекжұтқан болыңыз. Сіз ешқашан жалғыз болмайсыз, құрметті президент Зеленський. Біз сізбен әділ және тұрақты бейбіт өмір жолында жұмыс істеуді жалғастырамыз», – деп жазды Еуропа комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Лейен.

«Трамп пен Вэнс өте масқара шоу көрсетті. Мен бұлардың бетсіз тірліктері үшін ұялдым. АҚШ бұдан гөрі тәуірірек нәрсеге лайық еді. Ал азат әлем Украинаны қолдауы тиіс», – деді Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі бұрынғы жоғарғы өкілі Жозеп Боррел.

«Біз Украина агрессорға қарсы тұра алуы үшін қолдауды күшейтеміз. Бүгінде азат әлемге жаңа көшбасшы келгені белгілі болды. Бұл шақыруды қабылдау енді бізге, еуропалықтарға байланысты», – деді Еуроодақ Сыртқы істер министрі Кая Каллас.

Трамп пен Зеленський арасындағы қақтығыс

Өздеріңіз білесіздер, бүгін Украина президенті АҚШ-қа минералдық ресурстар туралы келісімге қол қою үшін арнайы ұшып барған болатын. Трамппен және вице-президент Джэй Ди Вэнспен арада аса шиеленіспен өткен  кездесуден кейін ол Ақ үйден мерзімінен көп ерте шығып, бірден әуежайға тартып кетті. Сол бойда өз елін бетке алды. бәлки, жолай Британияға бара салатын шығар.

Кездесу барысында саясаткерлердің соғысты бейбіт жолмен шешу жөніндегі тәсілдері төңірегінде дау туындады. Бұл жерде де Путиннің астына көпшік қоюдан танбаған Трамп ақыр соңында баланың сөзін айтып, Зеленськийді «АҚШ-қа құрмет көрсетпеді» деп айыптады. Соның екпінімен  Украина лидерін «бейбітшілік келісім жасауға әлі әзір емес» деп айтып салды.

Нәтижесінде кездесу соңына жетпей, үзіліп қалды, алдын ала жоспарланған бірлескен баспасөз мәслихаты өтпеді, Украина минералдық ресурстарды бірлесіп игеру жөніндегі келісімге қол қоймады.

Отырыстың өне бойынан АҚШ президенті мен оның жағымпаз орынбасарына керегі Украинадағы соғысты жергілікті халық үшін оңтайлы жағдайда аяқтау емес, қайта сол қансырап жатқан елдің табиғи байлығын тегін тартып алып, тонауға түсіру екені, сол үшін ел президенті Володимир Зеленьскийді екі жақтап тақымға ала отырып, қос қабаттан қысым жасап, әбден тұралату, есеңгірету,  өздеріне қарата қарсы бір ауыз сөз қата алмайтындай күйге түсіріп, өздерінің ашкөздік арсыз әрекеттеріне қол жеткізу екені байқалып тұрды. Бұл екі сұмның ниеттерін бірден сезіп қойған украин лидері сосын бойын тез жинап алып, оларға ақырын қарсы соққы қайтара бастады. Бұған шабынған бурадай шамданып кеткен екеу сосын бұрынғыдан бетер шабуылды күшейтіп, дипломатиялық этикет шеңберінен шығып кетіп отырды. Жалпы, олар дипломатия дегеннің не екенін білмейтіндерін білдірді.

Украина президенті Володимир Зеленський Дональд Трамппен арадағы соңы бір-бірін кінәлауға ұласып кеткен кездесуінен кейін өзіне қолдау білдіргендері үшін әлем елдері лидерлеріне алғыс сезімін жеткізді.

Зеленський әлеуметтік медиа платформасында түсіністік танытып, өзінің жағында сөйлеген барша лидерлерге X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісі арқылы алғыс айтты. Олардың қатарында Ұлыбритания, Германия, Испания, Франция, Польша, Швеция, Норвегия, Молдова, Ирландия, Люксембург, Нидерланд, Дания, Эстония, Литва, Латвия, Чехия, Финляндия, Португалия, Хорватия елдерінің және Еуропа одағының басшылары бар.

Енді ертең Володимир Зеленський Лондонға ат басын тіреп барып, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен келіссөз жүргізеді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button