Илон Маск өзінің Дональд Трампты қатты жақсы көретінін айтты

УАШИНГТОН. 8 ақпан. Tesla мен SpaceX-тің негізін қалаушы Илон Маск өзінің АҚШ президенті Дональд Трампқа деген сүйіспеншілігі зор екенін мәлімдеді. Бұл туралы Oxu.Az ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Агенттік хабарлағандай, ол мұны өзінің жеке меншігіндегі X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында білдірген.
«Нағыз еркек басқа ер кісіні қаншалықты сүйе алатын болса, мен де Дональд Трампты соншалықты қатты сүйемін», – деп жазды ол.
Мұны орыс тіліндегі ресустардың кейбірі былай аударып жариялапты:
«Я люблю @realDonaldTrump Дональда Трампа настолько сильно, насколько гетеросексуальный мужчина может любить другого мужчину».
Ал жазбаның ағылшын тіліндегі түпнұсқасы мынадай:
Маск былтыр досы Трамптың сайлау науқанына 75 млн долларға жуық ақша жаратты. Сөйтіп, болашақ президенттің сайлау циклындағы ең ірі донорларының бірі болды. Ол сондай-ақ саясаткерлерге қолдау көрсетуге арналған бірнеше митингіде сөз сөйледі.
Reuters-дің мәліметі бойынша, бұған алғыс ретінде миллиардер өз бизнесі үшін әдеттен тыс ықпал мен еркіндік алды.
Америка президенті Дональд Трамп досы Илон Маск тарапынан естілген бұл сүйіспеншілік сөздерін өзінің жұбайы, АҚШ-тың бірінші ледиі Мелания түсіністікпен, қалыпты қабылдайтын шығар деген үмітте екенін айтып жауап берді. Мұны АҚШ президенті Жапония премьері Сигэру Исибамен бірге Ақ үйде өткізген баспасөз мәслихаты кезінде жеткізді. Онда Трампқа Масктың мойындауына мұның әйелі қалай қарады деген мазмұндағы сұраққа орай айтты. «Мен ол қалай болғанда да, бұған түсіністікпен қарады ғой деп ойлаймын», – деп күліп жауап берді Америка лидері.
Маск бұдан бұрын Х әлеуметтік желісіндегі басқа жазбасында Трампты «тарихтағы аса ұлы президент» деп атаған болатын.