Ресей жаралы сарбаздарын балдақпен ұрысқа сала бастады

ЛОНДОН. 3 қаңтар. Ресей Қарулы күштері жаралы солдаттарын балдақ ұстатып, шабуылға шығаруды қолға алып жатыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің барлау қызметі Ресей командирлері жарақаттары жазылмаған өз жауынгерлерін балдақтарымен ұрыс қимылдарына қайта қос бастағандарын жариялады. Оның мәліметі бойынша 20-шы жалпы құрама қару-жарақтар армиясы сондай контигенттен тұтас штурм жасағын құрап, соғысқа салған.
Британдық барлау өкілдерінің пайымынша, осылайша ресейлік қолбасшылық өз мүмкіндігінің шегінде жұмыс істеп тұрған, шамадан тыс жүктелген әскери медициналық жүйеге түсетін қысымды азайтып отыр. Ол сондай-ақ бөлімшелерге жедел тапсырмаларды орындау үшін жараланған сарбаздарды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған қоса, барлаудың пайымдауынша, жараланған сарбаздар емделуін аяқтамай тұрып майданға қайтарылмаса, ресейлік медициналық орындардан кері қайтпай қалулары әбден мүмкін еді.
Қаңтар айында Украинаның Telegram арналарында Донецк облысындағы Покровск маңындағы ашық далада екі ресейлік сарбаздың балдақпен жүргені бейнеленген видео пайда болды. Содан кейін ұшқышсыз ұшақ оларға оқ-дәрі тастаған, бұл олардың өздерін өлтіріп жіберуі ықтимал еді. Бұл кадрлар Z әскери тілшілері арасында үлкен пікірталас тудырды. Блогер Святослав Голиков жаралылардың шайқасқа жіберілуін сынап, мұны «толық масқара» деп атады.
Күзде Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі Украинада ауқымды соғыс басталғаннан бері Ресейдің жалпы шығыны 610 мың адам деп бағалады: шамамен олардың 200 мыңы қаза тапса, 400 мыңы жараланған, олардың да жартысы мүгедек болып қалды. Ал Пентагонның есебі бойынша, жалпы шығын 615 мың адам, оның 115 мыңы оққа ұшса, 500 мыңы жараланған.