Трамп соғысты көктемде Украинаға тиімді жағдайда аяқтатқысы келеді
УАШИНГТОН. 27 қаңтар. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп биылғы жылғы көктемде Украинадағы соғыстың нүктесін қойғыза алатынына сенімді болып отыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мәтбұғаттың жазуынша, мұндағы бірінші шарт соғыс Украинаға толық тиімді жағдайында тоқтатылуы тиіс.
«АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаны қолдауды әлсіретіп жібереді немесе ол үшін тиімсіз жағдайда мәмілеге барады деген қауіп қателік болып табылады», – деп жазды The Independent өзінің жағдайға қанық мәнбелеріне сілтеме жасап. Газеттің жазуынша, Ақ үй соғысты алдағы көктемде-ақ Украина үшін қолайлы жағдайда аяқтатуға бағыт ұстап отыр.
«Украинадағы ахуалға алаңдайтындар Трамптың инаугурациясына Давид Арахимияның («Слуга народа» франциясының лидері – TMN) қатысқанына назар аударуы керек. Бұл – АҚШ президентінің Украинаны жақсы келісіммен қамтамасыз етуге ұмтылып отырғанын айғақтайтын белгі-нышан», – деді басылым әңгімешілерінің бірі. «Трамп соғысты ретке келтіру мәселесіне байыпты қарап отыр, ол, біздің күткеніміздей, Украина президенті Володимир Зеленьскиймен тығыз қарым-қатынас орнататын болады», – дегенді қосты мәнбе.
Украинадағылар Давид Арахамияны президенттің жақын шеңберіне кіретін адам ретінде біледі. «Арахимия Капитолий ротандосында өткен Трамптың инаугурациясына кіргізілген «санаулы ғана шетелдік жоғары лауазымды тұлғалардың» бірі болды», – деп атап өтті мәтбұғат.
Ресей пропагандисі Владимир Соловьев өзінің бағдарламасында Трамптың Путинді капитуляция жасауға көндіргелі отырғанын айтты. Оның өз мәнбесіне сүйеніп айтуынша, соғыстың қорытындысында Ресей Қырымды, сосын Луганск және Донецк облыстарының 2022 жылғы 23 ақпанға дейінгі шекарасы бойынша өзіне тиесілі аумағын алып қала алады да, қалған бөлігін қайтарады, сондай-ақ Херсон, Запорожье және Николаев облыстарының жерлерін түгел босатып шығады. Бұл болжамның қаншалықты шындыққа жанасымды екенін білетін уақыт тым қашық емес сияқты. Оның Кремль жарамазаншыларының кезекті сандырақтарының бірі болуы да мүмкін.
Дональд Трамп өзінің сайлау алды бағдарламасында бір сөткенің ішінде Украинадағы соғысты тоқтататуға уәде берген еді. Кейін бұл мерзім бірнеше күнге алмасты, сосын бір айдың маңайына барды. Бұдан кейін алғашқы 100 күн ішіндегі ең басты жұмысы осы және заңсыз көші-қон мәселесін ретке келтіру болатынын атап өтті.