Жаңалықтар жаңғырығыТаным

АҚШ Украинаға көмек көрсетуді шұғыл қалпына келтіргелі жатыр

ӘР-РИАД. 11 наурыз. Сауд Арабиясында АҚШ өкілдерінің Украина делегациясымен кездесуінен кейін Уашингтон Киевке әскери көмек көрсетуді жедел қайта жалғастыратын болды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

АҚШ Украинаға көмек көрсетуді дереу қайта бастайды. Ал Украина Құрама Штаттардың Ресеймен арадағы атысты 30 күнге уақытша тоқтатып, бітімге келу жөніндегі ұсынысымен келісті. Мұның жай-жапсары наурыздың 11-і, сейсенбі күні Сауд Арабиясының Жидда қаласында өткен Америка және Украина делегациялары арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша тараған тараптардың бірлескен мәлімдемесінде айтылған. Бұған қоса, АҚШ Украинамен барлау ақпаратын алмасудағы үзілісті дереу бұзып, оны да қайта жалғастырады.

Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрий Ермак Украина АҚШ-тың 30 күндік атысты тоқтату туралы ұсынысын дереу қабылдауға «әзірлігін білдірді», егер Ресей қабылдап, оны бір мезгілде орындаса, тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін екенін айтты. «АҚШ Ресей Федерациясына Ресейдің өзара келісімі бейбітшілікке қол жеткізудің кілті болып табылатынын хабарлайды», – деп жазды Ермак өзінің telegram-арнасында. «Делегациялар Киев пен Мәскеу арасындағы әскери тұтқындарды алмасу және күштеп қоныс аударған украин балаларын қайтару мәселелерін де талқылады», – деді Ермак.

«АҚШ бұл нақты ұсыныстарды Ресей өкілдерімен талқылауға міндеттелді», –дегенді қосты Украина президентінің кеңсесінің басшысы сосын.

Украина мен АҚШ-тың Сауд Арабиясындағы келіссөздерінен кейін тараптар Украинаның минералдық ресурстарын бірлесіп игеру туралы келісімді тез арада жасауға келісті.

Financial Times газетінің хабарлауынша, келіссөздерді екінші күні жалғастыру жоспарда жоқ.

«Сауд Арабиясында өткен америкалық және украиналық делегациялардың келіссөздері нәтижелі болды», – деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт брифинг барысында.

«Мен сіздерді және америкалықтардың барлығын осы кездесуден алған жаңалықтарымыз оң және кездесу нәтижелі болды деп сендіре аламын», – деді ол.

АҚШ президентінің кеңесшісі Майк Уолц жақын арада Ресей өкілдерімен кездесіп, Украинамен келіссөздердің нәтижелерін және атысты тоқтатуды талқылағалы отырғанын айтты.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио «доп қазір Ресейдің алаңында» екенін атап өтті. Ол егер Ресей оң жауап берсе, атысты тоқтату келісімі күшіне енетінін көрсетті. Содан кейін, мемлекеттік хатшының айтуынша, бейбіт келіссөздер басталуы керек.

Қазір мұны естіген Кремльде үлкен дүрбелең жүріп жатқан көрінеді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button