Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Норвегия 2025 жылы Украинаға көмегін $8 млрд-қа жеткізеді

ОСЛО. 6 наурыз. Норвегия 2025 жылы Украинаға қаржылай көмек көрсетуді 85 миллиард кронға дейін арттырады. Бұл туралы NRK ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аталған кронды АҚШ долларына шаққанда, ол 7,8 миллиард болып шығады.

NRK хабарлағандай, Норвегия парламенті Украинаны қолдауға арналған бюджетті ұлғайтуға келісті. Норвегияның премьер-министрі Йонас Гар Сторе мұның Еуропадағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қосылған елеулі үлес екенін айтты.

«Бұл – өте, өте үлкен сома. Бұл Украина алдында тұрған қорғаныс күресінде қажет. Бұл ақшаның дұрыс бақылануын және қажет жерге жұмсалуын қамтамасыз ету үшін бізге үлкен жауапкершілік жүктеледі», – деді Стере.

Ақша Украинаның басымдықтар тізімінде белгіленген ең маңызды салаларға жұмсалады.

Осы тұста Ирландия Украинаға әскери көмек ретінде 100 миллион еуро беретінін мәлімдеді. Қаражат Украина Қарулы күштерінің ұшуға жатпайтын техникалар сатып алуына жаратылуы қажет.

Сонымен бірге, Бельгия премьер-министрі Барт де Вевер 2023 жылдың соңында уәде етілген алғашқы F-16 ұшақтарының биыл Украинаға жіберілу мүмкіндігін жоққа шығармайды. «Біз бұл жерде тек «қосалқы бөлшектер» болуға жарайтын борттар туралы ғана айтып отырмыз. Ал соғыс ұшақтары 2026 жылға дейін берілмейді», – деді ол.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button