27 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Макрон Украинаға ядролық қарумен қолдау көрсететінін айтты

6 Наурыз 2025 13:43
- Жаңалықтар, Қайнар
Макрон Украинаға ядролық қарумен қолдау көрсететінін айтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПАРИЖ. 6 наурыз. Франция президенті Эммануэль Макрон халыққа үндеу арнап, Украинаны ақырына дейін қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Француз лидері үндеуінде көп мәселені қозғады, соның ішінде қазір бүкіл Еуропаға қауіп төндіргелі тұрған «чуманың» қайда екенін айтты. Ал оба ауруын жеңу үшін кәрі құрлық түгел бас көтеріп, өзара бірігуі керек. Оның басы алдымен Украинаны империялық пиғылдағы Ресей басқыншылығынан қорғау болмақ.

Макронның үндеуінде Ресейдің Франция мен бүкіл Еуропаның қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін мәлімдегені атап өтілді. Ол осы ретте Украинадағы соғыстың Еуропаның барлық елдерін шарпып кететінін баса айтты.

«Егер бір ел Еуропадағы көршісіне ешбір жазаға ұшыраудан қорықпай айды-күннің аманында басып кіре беретін болса, онда бұдан былай ешкім де ештеңеге сенімді бола алмайды. Ресейден үлкен қауіп бар және оның кесірі Еуропа елдеріне де қатты тиеді», – деді ол.

Макрон сондай-ақ Украинада алдын ала белгілі бір шарттар мен қауіпсіздік кепілдіктеріне келісіп алмай тұрып атысты тоқтатуға болмайтынын айтты. Ол мұндай идеяның Украина мен Еуропа елдері үшін тиімді болатынын жоққа шығарды. Француз президентінің ойынша, «Ресей диктатурасының қол астында бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін емес». Ол сонымен бірге, Украинада тұрақты бейбітшілік орнатудың барлық нақты қадамдарына қолдау көрсетінін атап өтті.

«Бейбітшілік орнатуға ықпал ететін барлық бастамалар дұрыс бағытқа қарай жылжиды, сондықтан мен бүгін кешке соған дауыс бергім келеді», – деді Макрон.

Ол бұдан бөлек, Украинаға Еуропа елдері әскерлерін жіберу идеясын еске алды. Бірақ бұл тек елде ұрыс қимылдары тоқтағаннан кейін ғана қолға алынады.

Сонымен қатар, Франция президенті келесі аптада Парижде Украинада бейбітшілік орнатуға кепілдік беруге дайын елдердің штаб басшыларын жиналатынын баяндады.

Макрон өз сөзінде Францияның ядролық қаруы болуына байланысты оның Еуропа қорғанысында ерекше мәртебеге ие екенін атап өтті. Ол ядролық қарусыздану мәселесіне келгенде «шешім әрқашан президенттің қолында болды және солай болып қалады» деді.

Франция президенті еуропалық одақтастарды қорғау үшін Францияның ядролық тежеу ​​құралын қорғау жөнінде стратегиялық пікірталас өткізуді ұсынды. Ол Париждің еуропалық серіктестерінің бұдан былай АҚШ-тың тежеу ​​күшіне тәуелді болмауын қалайтынын жеткізді. Осы санатта Украинаны да ядролық қарумен қолдау жоспары бар, қажет болған жағдайда сол қаруды оның өзіне беруге де болады.

Макрон өз сөзінде Франция мен басқа да Еуропа елдерінің қорғанысына қосымша инвестициялар жарияланғанын баяндады. Ол ертең Брюссельде Еуропа одағы басшыларының арнайы саммиті өтетінін еске салды.

Бұған дейін француздардың 60 пайыздан астамы Украинаға әскери көмек көрсетуді жалғастырып, бітімгершілік күштерін жіберуді жақтайтыны белгілі болған. Франция тұрғындары сондай-ақ Украина президенті Володимир Зеленськиймен кездесу кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп әдейі жанжал шығарды және АҚШ бұдан былай өздеріне одақтас емес деп есептейді.

Бұдан бөлек, Аустралия премьер-министрі Энтони Албанес өз елі Украинаны қолдайтынын және бітімгершілік әскерлерін жіберу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін айтты. Ал Италия мұндай қадамнан бірден бас тартты.

Таңбалар: әскери көмекУкраинаЭммануэль Макрон

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist