Зеленський РФ диктаторы Путиннің қорқатын үш нәрсесін атады

КИЕВ. 27 наурыз. Украина президенті Володимир Зеленський шын мәнінде РФ диктаторы Владимир Путинді үрейлендіретін үш фактор бар екенін айтты. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қазіргі соғыс Ресей тарапынан тек сол узурпаторға ғана тіреліп тұр. «Владимир Путин қайтыс болған бойда Украинадағы соғыс бірден өзінен өзі аяқталады», деді Зеленський.
Украина президенті қазір Кремль қожайыны қатты қорқатын үш нәрсені алға тартты.
Кеше украин лидері Eurovision News арнасына берген сұхбатында өз еліндегі бірқатар оқиғалары жайын атап өтті.
Зеленськийдің айтуынша, Ресей диктаторы ең алдымен өз қоғамының жаппай тұрақсыздыққа ұшырауынан, яғни басқаруға бой бермей кетуі мүмкін екенінен қатты қорқады. Алайда бұл жақын арада бола қоятын процесс емес. Жағдайға Батыстың санкциялары да, Ресей Федерациясындағы экономикалық жағдай да қатты әсер ететін болады. Оның үстіне, Ресей халқы Путиннің бүкіл елді басқаруды былай қойғанда, оның шекарасын қорғауға да қауқарсыз екенін түсіне бастады.
«Егер Батыс санкциялармен шектеліп қалмай, Путинге қысым жасауды жалғастыра берсе, қоғамда тұрақсыздық сөзсіз басталып кетеді. Ресей президенті бәрінен бұрын осыдан қорқады», – деді Зеленський.
Бұған қоса, Путин өз билігін айырылып қалудан қатты қорқады. Ешкім мәңгілік емес екенін және Путиннің ерте ме, кеш пе өлетінін бәрі түсінеді. Осыдан кейін соғыс бірден кілт тоқтайды. Диктатор осыдан да қорқады. Ол Украинамен арадағы соғыстың әзір тоқтамағанын қалайды.
Путиннің үшінші қорқынышы толығымен оқшауланып қалуға барып тіреледі. Өкінішке қарай, әлем саясаткерлері бұған әлі қол жеткізе алмай отыр. Оны бұл қорқыныштан АҚШ-тың соңғы президенті аздап арашалай бастады.