АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Алматы маңында жаңа бағыттар бойынша автобустар жүре бастады

АЛМАТЫ. 29 қазан. Алматы қаласының іргесіндегі бірқатар ауылдарға қатынайтын жаңа автобус маршруттары ашылды. Бұл туралы almaty.tv ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алып, 22 жаңа маршрут ашқан, оның ішінде 10 қала маңындағы жаңа бағыттар ұйымдастырып, 50-ге жуық елді мекенді қамтуға қол жеткізген.

«Алматыда мегаполистің агломерациямен көлік байланысын арттыру аясында қала маңындағы қоғамдық көлік маршруттары ашылып жатыр», деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша, 28 қазаннан бастап №237, №257 және №258 маршруты іске қосылды, ал 1 қарашадан №239 маршруты жолға шығады деп жоспарланып отыр.

Жаңа жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктер мына маршруттар бойынша қызмет көрсетеді:

– №237 «Барлық» базары – «Қаратөбе» ауылы» бағытындағы маршрутта үлкен сыйымдылықтағы 5 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жұмыс басталу уақыты – 5:30, аяқталу уақыты – 23:05. Тасымалдаушы – «Қаскелең автобус паркі» ЖШС.

– №257 «№7 қалалық аурухана – «Еңбекші» ауылы» бағытындағы маршрутта да үлкен сыйымдылықтағы 5 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жұмыс басталу уақыты – 5:30, аяқталу уақыты – 23:01. Тасымалдаушы – «Қаскелең автобус паркі» ЖШС.

№258 «Жетісу» базары – «Өстемір» ауылы» бағытындағы маршрутта 2 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жұмыс басталу уақыты – 5:40, аяқталу уақыты – 22:01. Тасымалдаушы – «Самат-Транс» ЖШС.

– №239 «Б. Момышұлы метро бекеті – «Долан ауылы» бағытындағы маршрутта 18 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жұмыс басталу уақыты – 5:30, аяқталу уақыты – 23:01. Тасымалдаушы – «Neo City Trans» ЖШС.

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесіне сәйкес, бұл маршруттар конкурстар өткізілгенге дейін тасымалдаушыларға берілді және тестілік режимде жұмыс істейді. Соның нәтижесінде жолаушылар легі мен халықтың қажеттілігі ескеріліп, қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізіледі.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button