Украина Қарулы күштері Белгород облысына шабуыл жасады
МӘСКЕУ. 27 тамыз. Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері Курск облысымен көрші Белгород облысының территориясына да басып кірудің әрекетіне көшті. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Украина армиясы Белгород облысындағы шекара арқылы ішкері өтуге талпынып жатыр», – деп баяндады аймақ губернаторы Вячеслав Гладков.
«Жау Белгород облысының шекарасын бұзуға күш салып жатырдеген ақпарат пайда болды. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, қазір шекарадағы жағдай күрделі, бірақ бақылауда ұсталатын болып қала береді. Біздің әскерилер қазір қорғануға қатысты жоспарлы жұмыстар жүргізуде», – деп жазды ол өзінің telegram-арнасында.
Оның айтуынша, украин әскери күштері өткен тәулікте 27 елді мекенге 23 дронмен шабуыл жасап, 70-тен астам снаряд жаудырған. «Шебекино қаласын ату нәтижесінде 6 бейбіт тұрғын жараланды, олардың екеуі таңертеңгі атыстан кейін өз бетінше медициналық көмекке жүгінді», – деді Гладков.
Губернатор Украина армиясының шабуылынан 11 автокөлік, 16 жеке үй, 13 көп қабатты үй, бес коммерциялық нысан, ауылшаруашылық кәсіпорны және электрмен жабдықтау желісі зақымданғанын айтты.
Shot сайтының мәліметі бойынша, Украинаның 8 броньды көлігі мен 60 сарбаздан тұратын тобы Нехотеевка елді мекенінде Ресей шекарашыларымен шайқасқа шыққан. Айтуынша, РФ армиясы украинның артиллериясы мен авиациясына соққы берген.