ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Украина Қарулы күштері Курскіде алғашқы әскери комендатурасын ашты

КУРСК. 16 тамыз. Кеше Украина Қарулы күштері Курск облысының төртінші ауданы аумағына өз билігін орнатқасын өңірден бірінші әскер комендатурасын ашып алды. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, комендатура Курск облысының бейбіт тұрғындарын Украинаның Сумы облысына эвакуация жасаумен шұғылданады.

Украин Министрлер кабинеті Курск жерінде Украина Қарулы күштеріне қарайтын алғашқы әскери комендатураны іске қосуға шешім қабылдаған. Мұның жайын генерал Олександр Сирский президент Володимир Зеленьский өткізген кеңес кезінде баяндады. Ал жаңа комендатураның басшысы болып генерал-майор Эдуард Москалев (суретте) тағайындалған.

Алдын ала ақпар бойынша, Курск облысының азаматтық тұрғындары Сумы облысына көшіріледі. Ақпарат агенттігі мұны вице-премьер Ирина Верещуктің сөзіне сүйеніп жариялады. Осы үшін РФ тарапына да дәліз қалдыруға шешім қабылданды, алайда ресейлік режим әзірге мұндай мәселе көтеріп отырған жоқ.

Бас қолбасшы Олександр Сирский сондай-ақ Украина Қарулы күштері операция басталғалы бері Ресейдің ұзындығы 35 шақырымға дейін баратын жалпы аумағы 1 150 шаршы шақырым алабын өзінің бақылауында ұстап отыр.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button