Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украина әскерлері Ресейдің Курск, Белгород облыстарына басып кірді

МӘСКЕУ. 7 тамыз. Украина Қарулы күштері Ресейдің Курск және Белгород облыстарына басып кіріп, сұрапыл ұрыс қимылдарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы The Voscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресейліктер украин армиясының Курск облысына шабуыл жасап жатқанын баяндады. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарынша, бүгін таңертеңнен Курск облысының Суджа елді мекеніне үздіксіз соққы берілгенін, содан кейін Украина Қарулы күштері солай қарай лап қойғанын жазады. Осы тұста сондай-ақ Белгород облысы да айтарлықтай ауыр соққының астына алынған.

Курск облысы губернаторының міндетін атқарушы бес ресейліктің жараланып қалғанын, сол сияқты бірнеше көп қабатты тұрғын үйге зақым келтірілгенін айтты.

Z әскери тілшілер украин армиясының ресейлік әскерилермен шекарада ұрысқа түскенін атап өтті.

Ресей күштік құрылымдарымен байланысы бар Mash ресурсы 100 адамнан тұратын «украин диверсиялық барлау тобы» ауыр бронды техникалармен Ресей территориясындағы Суджа ауданына қарай жарып өткенін жазды.

Осылайша РФ-ның Курск облысының тұрғындары «арнайы соғыс операциясы» деп аталып келген ұрыс қимылдарының шын мәнінде қандай нәрсе екенін өздерінің бастарын өткізіп көрді. Қазір аудан аумағында кескілескен ұрыс қимылдары жүріп жатыр. Үрейге бой алдырған жергілікті тұрғындар ішкері көшірілуде.

Курск облысының Украинамен шекарасында 6 тамызға қараған түні аласапыран басталып кетті. Ол көп ұзамай Суджа қаласының ауданына қарай ауысып, ұрыс қимылдарына ұласты.

РФ оккупант-елінің қорғаныс министрлігі 6 мамыз күні таңертеңгі сағат сегізден бастап құрамында Украина Қарулы күштерінің 22-ші механикаландырылған бригадасы құрамынан шыққан үш жүз адамы бар күштік құрылымның РФ-ның Курск облысындағы мемлекеттік шекарасы позициясына, атап айтқанда, Олешни және Николаево-Дарьино аудандарындағы аумағына шабуыл жасағанын мойындады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button