Париж-2024: Бокс турнирінде бүгін кімдер шаршы алаңға шығады?
ПАРИЖ. 7 тамыз. Бүгін Париждегі Олимпиялық ойындардың бокс турнирінде кімдердің қай сағатта жекпе-жек өткізетіндері белгілі болып отыр. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.
Осы күні түнде ерлер арасында екі салмақ дәрежесі бойынша Олимпиада чемпиондарының аттары анықталады. Сөйтіп, біз Париж Олимпиялық ойындарының ең алғашқы алтын және күміс жүлдегерлерімен таныс боламыз.
Бұдан бөлек, екі салмақ бойынша финалға шығатын жұптар түзіледі.
Шайқастар мына боксшылар арасында осы реттерімен өтеді:
Әйелдер. 57 кг. Жартылай финал. 00:30. Лин Ю Тинг (Тайпей) – Эсра Йылдыз Кахраман (Түркия)
Әйелдер. 57 кг. Жартылай финал. 00:46. Нестхи Петесио (Филиппин) – Лилия Шеремета (Польша)
Ерлер. +92 кг. Жартылай финал. 01:02. Нелви Раман Тиафакк (Германия) – Баходир Жалолов (Өзбекстан)
Ерлер. +92 кг. Жартылай финал. 01:18. Джамили-Дини Абудоу Моиндзе (Франция) – Аюб Гадфа Дрисси (Испания)
Ерлер. 63,5 кг. Финал. 01:34. Софьян Оумиха (Франция) – Эрисланди Алварес Борхес (Куба)
Ерлер. 80 кг. Финал. 01:51. Нұрбек Оралбай (Қазақстан) – Олександр Хижняк (Украина)
Біздің оғланға сәттілік серік болсын!