18 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәскеудің орталығында Путин гаражы көлігінің күлі көкке ұшты

3 Сәуір 2025 21:39
- Жаңалықтар, Оқиға
Мәскеудің орталығында Путин гаражы көлігінің күлі көкке ұшты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 3 сәуір. Мәскеудің орталығында Кремльдің автотұрағынан шыққан Aurus Senat автокөлігі жұмбақ жағдайда жарылып кетті. Бұл туралы «Украина 365» telegram-арнасының ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мәскеуде Ресей диктаторы Владимир Путиннің автопаркінде есепте тұрған Aurus Senat көлігі аспанға атылды.

Оқиға 29 наурыз күні Мәскеудің орталығында, Лубянкадағы Ресей ФСБ-ның бас ғимаратына жақын жерде орын алды. Ресей диктаторы Владимир Путин автопаркінің бір бөлігі деп есептелетін Aurus Senat көлігі жұмбақ жағдайда отқа оранды.

Желіде зақымға ұшыраған Aurus машинасының бейнелері пайда болды.

Бірақ орыстар жағы тым-тырс отыр. Ал тәуелсіз саналатын Baza telegram-арнасы оны тіпті Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың Кремльдің жалған құжатымен жүрген көлігі деп те жазып жатыр.

Әзірге зардап шеккендер мен оқиға кезінде көлікте кім болғаны туралы мәлімет жоқ.

«Путин бұл лимузинді арнайы пайдаланады ма, белгісіз, бірақ құны 330 мың еуро тұратын мұндай көліктерді мінетіндер аз. Ол Кремльдің қаржы бөліміне тиесілі» деп жазады немістің Bild басылымы.

«Ресей билігінің ең жоғары эшелондары Aurus Senat көлігіне қатысты орын алған оқиғадан кейін қатты қорқып отыр» деген қауесет бар. Олардың бойларын Украина тарапынан жасалып тұратын шабуылдардың үрейі де қатты билеп тұр. Ал Ресей диктаторы өзінің қауіпсіздігі шараларын жан-жақты қарастырып, қатты күшейтілген күзет шеңберінде жүр.

Анықтама

Aurus Senat – Ресей Федерациясында «Кортеж» жобасы аясында жасалып, отандық әзірлеме ретінде ұсынылған люкс автокөлік. Алайда бұл машинаның тек эмблемасы мен құрастырылуы ғана ресейлік, ал Porsche компаниясымен бірлесіп жасалған қозғалтқышынан (моторынан) бастап, қалған детальдарының барлығы шетелдік технологияның жемістері болып табылады.

Аталмыш автомобиль – Путиннің ресми көлігі. Ол инаугурациядан бастап, өзінің барлық ресми іс-шараларына Aurus Senat машинасымен барады. Оның көліктері керуенін де осы маркалы көліктер түзеді.

«Кортеж» жобасы әу басынан мемлекеттің бірінші тұлғаларына қызмет ету үшін құрылған. Бірақ кейін Aurus автомобильдерін коммерциялық тұрғыда сату басталды. Алайда мұндай көліктерді сатып алуға жұрттың бәрінің шамасы келмейді: Aurus Senat-тың құны 50 млн рубльден басталады, сондықтан оны тек өте бай ресейліктер ғана сатып ала алады.

Тағы бір маңызды жайт: Путин осыдан бұрын бірнеше «Аурусты» Солтүстік Корея диктаторы Ким Чен Ын жолдасқа сый ретінде берген болатын. Ол тағы бір көлікті Бахрейн королі Хамад бен Иса әл-Халифаға да тарту еткен.

Таңбалар: жарылыскөлікМәскеу

Ұқсас мақалалар

Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты
Жаңалықтар

Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты

21.08.2026
РФ Әуе-ғарыш күштері қолбасшысының өміріне қастандық жасалды
Жаңалықтар

РФ Әуе-ғарыш күштері қолбасшысының өміріне қастандық жасалды

02.08.2026
Украинада күзде Мәскеуді баллистикалық ракеталармен соққылау жүретіні айтылды
Жаңалықтар

Украинада күзде Мәскеуді баллистикалық ракеталармен соққылау жүретіні айтылды

28.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist