Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

ЕО Орталық Азия елдерімен байланысты арттыра түсуге ниетті

БРЮССЕЛЬ. 5 сәуір. Еуропа одағы Орталық Азияның табиғи ресурстарға бай бес дәулетімен қарым-қатынастың жаңа дәуірі басталғанын баяндады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Еуроодақ табиғи ресурстарға бай Орталық Азияның бес мемлекетімен сауда қарым-қатынасы және стратегиялық әріптестік аясын кеңейтуге мүдделілік танытады. Еуропа комиссиясының райысы Урсула фон дер Ляйен Өзбекстанда өткен Еуропа одағы лидерлерінің саммитінде Орталық Азия мемлекеттерінің президенттерімен кездесуінде «жаңа дәуірдің» басталғанын жариялады.

Урсула фон дер Ляйеннің және Еуропа кеңесінің райысы Антониу Коштаның Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттері басшыларымен 4 сәуірде Самарқандтағы кездесуі ЕО-ның Орталық Азиядағы бірінші саммиті болды.

Саммитте Еуропа комиссиясының райысы Еуропа одағының  Global Gateway инфрақұрылымдық бастамасы аясында Орталық Азия елдері үшін 12 млрд еуро көлемінде қаржы бөлетінін мәлімдеді. Ол мұнда көлік, шикізат ресурсы, қалпына келтірілген энергия және цифрландыру секілді төрт бағытқа басыңқылық берілетінін айтты. Соның ішінде Еуропа спутниктері аймақты «көршілер тарапынан бақылау болмайтын» жедел интернетпен қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте фон дер Ляйеннің «көршілер» дегенде, Қытай мен Ресейді меңзегені анық.

Ол «Еуропа ұсынысының» өзге елдердің пиғылдарынан бөлекше болатынын да басып айтты. ЕО мен батыс мемлекеттері, мысалы, Қытайдың мұндайда өзі қызмет көрсеткен елдерді өзіне борышкерлік тәуелділікке таңып қоятынын ылғи сынап жүр, ал Ресей бәрін Орталық Азия мемлекеттерінің өзіне берген энергия ресурстары мен қару-жарақтарының шамасына қарай жасайды.

Инвестициялық Global Gateway жобасы Еуропа одағының Орталық Азияға Қытай ұсынған «Жаңа Жібек жолы» бастамасына қайтарған жауабы болып отыр. Брюссель енді өңірдің бай ресурстарын алуда Ресеймен, АҚШ-пен және Түркиямен ашық бәсекеге түсуге тәуекел ететін болады.

Орталық Азия елдерінде кобальт пен мыс сияқты қазба байлықтардың айтарлықтай қоры бар. Осы саммиттен бірқатар уақыт бұрын Қазақстан өз жерінде сирек кездесетін металлдардың ірі кеніштері ашылғанын хабарлаған еді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button