Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Фин президенті Трампқа Путинге сенуге болмайтынын айтты

ХЕЛЬСИНКИ. 3 сәуір. Финляндия президенті Кай-Ёран Александер Стубб АҚШ президенті Дональд Трампқа РФ басшысы Путинге сенбеуге кеңес берді. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Путинге сенуге бола ма?» деп сұрады Трамп Ақ үйде Стуббпен кездескен кезінде. Олар 7 сағатқа созылған оңаша кездесулері барысында Ресей Федерациясының басшысын да біраз талқыға салды. Финляндия президенті Трампқа РФ диктаторы Владимир Путиннің бір сөзіне де сенуге болмайтынын қадап тұрып жеткізді. Фин президенті Кай-Ёран Александер Стубб Уашингтоннан оралған соң британдық баспасөзге берген сұхбатында осының жайын баяндады.

Стубб Трамптың өзінен Путинге сенімнің қандай болуы керек екені жөнінде  сұрағанын растады. Бұл сұраққа Финляндия президенті Путин сияқты адамға сенуге болмайтынын айтып, теріс жауап берген.

Финляндия президенті сондай-ақ уақытша атысты тоқтату күні 20 сәуірде басталуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Дәл осы күні католиктер де, православиелік христиандар да Пасханы тойлайды. Сондай-ақ, 20 сәуірде Трамптың Ақ үй басшысы қызметіне кіріскеніне үш ай болады.

Трамп пен Стубб әңгіме кезінде Путин алдағы уақытта атысты тоқтату туралы келісімге қол қоюдан бас тартса немесе оның шарттарын бұзса, Ресейге қарсы қандай жаңа санкциялар енгізуге болатынын талқылады.

Финляндия президентінің айтуынша, Трамптың Путинге деген шыдамы шексіз емес.

Финляндия президенті украиналық әріптесімен АҚШ-қа сапары жөнінде мұның алдында баяндап үлгеріпті.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button