Украина дроны Ресейдің Череповецтегі металлургия зауытына шабуыл жасады
МӘСКЕУ. 7 наурыз. Украина Ресейдің Череповецтегі ірі металлургия зауыттарының біріне соққы жасап, Кремльдің намысын жыртып жібере жаздады. Бұл туралы ресейлік пабликтер дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Украина Ресейдің шекарасынан 800 шақырым қашықта орналасқан Череповецтегі металлургия өнеркәсібінің ірі зауыттарының біріне соққы жасап, РФ билігінің жанды жеріе тағы да қозғап өтті», – делінген хабарламада.
Бүгін, 7 наурыз күні таңертең Ресейдің Череповецтегі металлургиялық комбинатына ұшқышсыз ұшақтар жойқын жорық жасады. Комбинаттың егесі – «Северсталь» компаниясы ресми түрде кәсіпорында «техникалық инциденттің» орын алғанын растады, бірақ оның себебін ашып айтпады. Көзі көргендер қала орталығына қоныс тепкен зауыт жақтан күшті жарылыстың естілгенін, онда дрондардың ұшып келгенін айтып жатыр. Ал Ресейдің ресми тұлғалары мұны жоққа шығарып отыр.
Алайда куә болғандар «Северстальде» орын алған «техникалық инциденттің» шын мәнінде зауыттағы домна пешін толық қатардан шығарып тастауға алып барғанын айтып қойды. Шабуыл үшін тап қандай беспилотниктің қолданылғанын дөп басып айту қиын, лекін мың шақырымға жуық қашықтықты бойына еш зақым келтірмей ұшып өтіп, мынадай соққы бере алуы аппараттың өте сапалы болғанын айғақтайды.
Украина тарапы әзірге бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасай қойған жоқ.