Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика
Ресейдің «Мир» картасы мен 9 банкі әлемдік қаржы жүйесінен шығарылды
УАШИНГТОН. 26 ақпан. АҚШ «Мир» картасының операторы мен ресейлік тағы 9 банкті әлемдік қаржы жүйесінен ажыратып тастады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
АҚШ президентінің әкімшілігі Ресейдің Visa Mastercard-тан кеткеннен кейін бірқатар шет елдермен төлем жасасудың жалғыз арнасы болып қалған «Мир» төлем жүйесіне қатысты қатқыл шараларға баруға шешім қабылдады.
Американың қаржы министрлігі жұма күні РФ Ұлттық банкіне 100 пайыз қарайтын «Мир» операторының «Ұлттық төлем карталары жүйесіне» қарсы бұғаттаушы санкциялар енгізілгенін жариялады.
Мұның артынша ресейлік 9 банкке де санкция салынды.
АҚШ сондай-ақ Ресейдің дата-орталықтарына да жаңа санкциялар салды.