18 Қазан, 16:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әйелін қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Бишімбаевтың ісі сотқа түсті

26 Ақпан 2024 21:26
- Жаңалықтар, Құқық
Әйелін қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Бишімбаевтың ісі сотқа түсті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 26 ақпан. Әйелін асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деген ауыр айып тағылып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жолданды. Бұл туралы «Адырна» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ақпаратты жәбірленуші жақтың адвокаты Жанна Мұхамади таратты. Оның айтуынша, атышулы істің нүктесі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қойылады.

Осы ретте Астана қалалық соты іске тартылушылар қатарында Қуандық Бишімбаевтан бөлек Бақытжан Байжановтың да бар екенін растаған. Бұлардың соңғысының ісі де сотқа келіп түскен.

Марқұм Салтанат Нүкенованың «өліміне қатысы бар» деген күдікке ілінген Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру), 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау) бойынша айып тағылған.

Ал оған осы істе көмектескен Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу), 434-бабы (аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау) бойынша айып тағылған.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға өткен жылғы 9 қараша күні Астанадағы «Бау» ресторанында орын алды. Осында әйелімен бірге келіп, бір тәулікке жуық уақыт демалған экс-министр Қуандық Бишімбаев жан төзгісіз қылмысқа барды. Ол жұбайы Салтанат Нүкенованы үздіксіз ұрып, соққыға жығуы салдарынан оның өліміне себеп болған. Таңертең ессіз жатқан әйелге тек кешке қарай ғана «жедел жәрдем» шақырған. Бұл кезде марқұмның әлдеқашан бақилық болып кеткені айғақталады. Содан кейін күдікті тек 11 қараша күні ғана қамауға алынды.

Соңғы деректер қылмыстық істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаеваның қарайтынын білдіреді. Ол бұған дейін де бірқатар шулы істерді қараған. Бұлардың қатарында журналист Махамбет Абжанға қатысты іс бар. Ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған Нұржан Әлтаев 10 жылға кесілді. Қазір «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовке қатысты істі қарап жатыр.

Айжан Құлбаева 2022 жылдың 28 желтоқсанында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болып тағайындалған.

Таңбалар: Бақытжан Байжановкісі өлтіруҚуандық Бишімбаевқылмыссот

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды
Жаңалықтар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды

08.09.2026
Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды
Жаңалықтар

Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды

04.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist