АҚШ президенті Путинді «қияли қаншықтың құбыжығы» деп атады
УАШИНГТОН. 22 ақпан. АҚШ президенті Джо Байден РФ диктаторы Владимир Путинге «қияли қаншықтың құбыжық баласы» деген ат тақты. Бұл туралы CNN телеарнасының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
АҚШ президенті Джо Байден сәрсенбі күні Сан-Францискода өткен қаражат жинау шарасы кезінде сөйлеген сөзінде Ресей президенті Владимир Путинді «алжыған қаншықтың албасты ұлы» деп әспеттеді.
«Бізде бір ақылынан алжасқан қияли қаншықтың құбыжық ұлы бар, ол жігіттің аты-жөні – Путин, оның қасындағылар да сондайлар. Біз ол тұрғанда ядролық қақтығыстың меселіне үнемі назар аударып отыруымыз керек. Бірақ адамзат үшін ең зор апат қауіп одан емес, негізі, климаттан келеді», – деді Байден қайырымдылық кешінде жиналғандарға.
Байден сонымен бірге өзінің заң алдындағы тығырықты мәселелерін Кремльді сынаушы ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың өлімімен салыстарған АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың ойқы-шойқы пікірлерін де өткір сынға алды.
Президент өзінің алдындағы мемлекет басшысының ойларын електен өткізе келіп, жиналғандарға: «Егер мен бұдан 10-15 жыл бұрын осы жерде осы қызметімді атқарып тұрып, мұның бәрін айтқан болсам, сіздер мені түрмеге отырғызған жөн деп есептеген болар едіңіздер», – деді.
«Ол өзін Навальныймен теңестіріп алып, соның арқасында біздің елдің коммунистік сипатқа ие болғанын, соған орай Навальныйдың да, өзінің де қуғынға ұшырағанын айтады», – деді Байден.