АҚШ соғыс созылып кеткен жағдайда Украинаны қолдаудың жолын табады
УАШИНГТОН. 27 қаңтар. АҚШ Украинаға әскери қолдау көрсетудің ұзақ мерзімді жаңа стратегиясын дайындап жатыр. Бұл туралы The Washington Post ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ақ үй Украина РФ армиясы басып алған территорияларды қайтарып ала алмаған жағдайда оған қолдау көрсетудің жаңаша жолмен жалғастырады.
Америка президенті Джозеф Байденнің әкімшілігі Украинаға ұзақ мерзімді көмек көрсетудің жаңа стратегиясын жасаумен айналысады. Ол РФ әскерлері басып алған территорияларды азат етуді қарастырмайды.
Құрама Штаттардың ықпалды басылымы – The Washington Post газеті өзінің мәнбелеріне сілтеме жасай отырып, стратегияның бүге-шігесіне талдап шыққан.
Атап көрсетілгендей, жаңа стратегияда Украинаның өз территорияларын қайтарып алуына күш салынбайды, ол Ресейдің болашақт агрессия жасау мүмкіндігін жоқ қылатын қуатты қорғаныс жүйесін құруға бағытталады. Уашингтон осы бағдарламаның шеңберінде украин армиясын да, елдің экономикасын да күшейтуді көздейді.
«Идея Украинаға майдан шебін ұстап тұруға мүмкіндік беруге, сонымен бір мезгілде оның 2024 жылдың соңына қарай қазіргіден әлдеқандай күшті ету үшін басқа траекторияға бағыттауға, дамудың жаңа тұрақты жолына шығаруға құрылған», – деді WP мағбұғатына құрылған.
Мақалада 2024 жылдың көктемінде Құрама Штаттардың Украинамен әріптестік туралы 10 жылдық келісімге қол қоюға ниетті екені айтылады. Бұған дейін Киевпен мұндай келісімді Ұлыбритания жасасып қойған.