АҚШ сенаторлары шекара жөнінде келісімге келді, ендігі кезек Украинада
УАШИНГТОН. 27 қаңтар. АҚШ Конгресі шекара жөнінде келісімге келді, мұның өзі Украина мен Израильге көмек көрсету жолының ашылуына алып барады. Бұл туралы CNN ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Құрама Штаттардың Сенаты Украина мен Израильге берілетін әскери көмектің жолы қайта ашылуға жақын тұр», – деп баяндайды телеарна.
Шамасы, АҚШ-тың белсенді сенаторлары Украинаға әскери көмек беруге кедергі келтіріп тұрған көші-қон саясаты жөніндегі даулы тартыс-таласты оңтайлы шешуге қол жеткізген сияқты.
«Сенаттағылар АҚШ-тың оңтүстік шекарасын заңсыз кесіп өтушілердің қарасын айтарлықтай шектеу жөнінде келісімге келді», – деді журналистер.
Украина мен Израильге әскери көмек беруді шектеу талабын Ресбуликалық партия енгізген еді. Партия мүшелері миграциялық мәселе оңынан шешілмей мұның жайын қарауды тоқтатып тастаған болатын.
CNN Сенаттың шекара жөніндегі жаңа келісімі алдағы аптаның ішінде жарияланып қалады деп есептейді. Ол егер келетін мигранттар саны белгіленген лимиттен (5 мың адам) асып кететін болса, АҚШ президентіне шекараның толық жауып тастауға құқық береді. Бұған қоса, мигранттардың елде болу мерзімін жарты жылға дейін шектеу режимін қарастырады.
Енді миграциялық келісімнің соңын ала Украина, Израиль және Тайвань үшін қосымша қаржы бөлу жөнінде келісім үстеліне отырудың кезеші келуге тиіс.