Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

АҚШ Путиннің «көлегейлі флотына» қызмет етіп жүргендерге санкция салды

УАШИНГТОН. 2 желтоқсан. Құрама Штаттар Ресейдің мұнайын тасымалдап жүрген танкерлердің егелеріне қарсы санкция енгізді. . Бұл туралы The Moscow News ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

АҚШ баға шегі тәртібін бұзып, Ресейдің мұнайын сыртқа тасымалдап тұрған ондаған танкерден тұратын «көлегейлі флотына» қысым жасауды күшейтті. Жұма күні Қаржы министрлігінің шетел активтерін бақылау жөніндегі басқармасы санкцияны айналып өтуге тырысатындарға қарсы жаңа шаралар жариялады.

Санкциялар Ресейдің Urals мұнайының баррелін $70-дан қымбатқа тасып, баға шегінен шығып кеткен, сонымен бір мезгілде «АҚШ тұлғаларының қызметтерін (қаржылай) пайдаланып жүрген үш компанияның – танкерлердің иелеріне салынды.

Олардың қатарында мыналар бар:

Sterling Shipping Incorporated (БАӘ), NS Champion танкерінің егесі;

Streymoy Shipping Limited (БАӘ), Viktor Bakaev танкерінің егесі;

HS Atlantica (Либерия), HS Atlantica танкерінің егесі.

Аталған компаниялар мен танкерлердің АҚШ-тағы активтері тұсауланды, АҚШ тұрғындарына олармен жұмыс жасасуға тыйым салынды.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button